Жаңалықтар

Өзін-өзі басқару ұйымы

Мектеп парламенті( Өзін-өзі басқару ұйымы)

 

Парламент мақсаты:

Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.

Парламент мүшелері

Тәлімгері: Арыстан Алия

 

  Мәртебесі Аты-жөні Сыныбы
1 Парламент Президенті Жомартқали Елнар Азатұлы 10
2 Құқық және тәртіп фракциясы Тастекей Аружан Дулатқызы 10
3 Ақпарат фракциясы (мектеп-интернат баспасөз қызметі) Сүннен Ұлжан Бақытжанқызы 10
4 Спорт және салауатты өмір салты фракциясы Есен Медет Ерланұлы 10
5 Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология) Назарбекқызы Гүлназ 10
6 Қамқорлық фракциясы (еріктілік) Болатқан Данияр Қанатбекұлы 10
7 Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық) Алтынбекова Гаухар Бақытжанқызы 10
8 Дебат қозғалысының фракциясы Жапас Аяулым Айдарқызы 10
9 Экология және еңбек фракциясы Бекен Сая Берікқызы 10

 

 

Атқарылған көлемді жұмыстар:

 

  • 17.10.22ж «Күз – молшылық белгісі» атты күзгі жәрмеңке

Мақсаты: Оқушы еңбегінің жарқын әрі пайдасы мол бейнесін көрсете отырып, оларды жан-жақтылыққа баулу.

Жәрмеңкеде жиналған қаражатқа кабинеттерге сағаттар, оқушыларға спорттық құралдар мен формалар сатып алынды.

16.11.22ж    «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: Отбасылар арасында бұқаралық спортты насихаттау. Балаларды шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу. Жүлделі орындар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Қорытынды бойынша:

Бас жүлде – 8 «В» сыныбы;

1-орын 8 – «Б» сыныбы;

2-орын 8 – «Ә» сыныбы;

3-орын – 8 «А» сыныбы.

  • 11.22 ж. «Бақытты отбасы» атты 9-сыныптар арасында ата-аналарымен бірге өткен сайыс.

           Сайысқа қатысқан ата-аналар мен балалар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып бақ сынасты. «Отбасыны өнегесі-Отан өнегесі» дегендей, отбасындағы тәрбие мен өнеге сахнада сән құрған есте қаларлық ерекше кеш болды.

 

  • 12.22 ж. «Ауылым – алтын бесігім» атты сынып шаңырақтары арасында тартысты байқау өтті. Жанарларында жалыны бар, өр рухты өрендер өз өнерлерімен көпті тәнтті етті. Сайыс оқушылардың кіндік қаны тамған жері, ауылдарының атмосферасын жиылған жұртқа дәріптеу болды.

Қазіргі таңда атқарылып жатқан акциялар:

  • «Әр күніміз мереке» деп жырлаған оқушылар арасында әр апта күндері жоспар бойынша мынандай бастамалар іске асуда:

Дүйсенбі – «Жүректен жүрекке» акциясы бойынша қоңырау кезінде, дайындық кезінде, асханада оқушылар бір-біріне және  ұстаздарға жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді (Қамқорлық фракциясы)

Сейсенбі – «Мейірім толы жүрек» акциясының негізінде оқушылар ата-аналарына, жақындарына,ұстаздаына, бауырларына, достарына қоңырау шалып өз алғыстарын, сезімдерін жеткізіп, қуанышқа бөлейді (Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы).

Сәрсенбі – мектебіміздегі «Оқырмандар клубымен» бірлесіп, қоңырау уақытында оқушылар мен ұстаздар кітап оқып, белгіленген күні талқыға салу арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруда. Парламент мүшелерімен ақылдаса отырып, сыныптар арасындағы «Ең үздік оқырманды» анықтап, кітап және алғыс хат түрінде жүлделер беріледі. Қараша айында басталған бұл жоба осы уақытқа дейін жалғасын табуда. Ата-аналар тарапынан да қызығушылықтар артып жатыр (Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).

Бейсенбі – «Таза мектеп – таза бөлме» бағытының негізінде, «Экология және еңбек фракциясы» министрі Бекен Саяның бастамасымен әр бейсенбі күні «Ең таза бөлме» мен «Ең таза кабинет» анықталады.

Жұма – «Спорт және мен» «Денсаулық-бұл спорт» стендін безендіріп, спорт түрлері мен жетістікке жеткен командалардың жүлделерін стендке ілу.

 

Тұрақты түрде өтетін шаралар:

 

  • «Абай ізімен» таңғы жиыны

 

  • Шаңырақтар стенді (шаңырақтар арасында ынтымақтастықты, бірлікті, достық қасиеттерін нығайту мақсатында әр шаңырақтың жетістіктері, ұрандары мен эмблемасы көрсетіледі)
  • Дебат

 

 

Алдағы уақытқа жоспарлар:

 

  • «Бір күйдің тарихы» жобасы;
  • Көктемгі демалыс уақытында оқушылар арасында жазбалар байқауын ұйымдастыру;
  • «Қазақстан кеше,бүгін, ертең…» тақырыбының аясында эссе, мақала, әңгіме жазу. (мақсаты);
  • «Мен және менің сүйікті ұстазым».

 

 

Меню