Жаңалықтар

Қыздар тәрбиесі

«Инабат» қыздар ұйымы

Мақсаты: қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру. Қыркүйек айында 8-11-сыныптар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өтті.

 

Қазан айында «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында жеке бас гигиенасы туралы маманмен кеңес өткізілді.  Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Денсаулығымыз мықты болы үшін спортпен айналысып, әркез таза жүруіміз керек. адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады.

10-11-сыныптарға «Жат қылықтардың қыздар тәрбиесіне әсері. Әлеуметтік желідегі кибербуллинг әсері» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: оқушылар арасында кибербуллингтің әсерін алдын алу. Танымдық сабақ барысында оқушылар түрлі ой-пікірлерін ортаға салды. Жоғарғы деңгейде өткізілген танымдық сабақ оқушыларға қатты ұнады. Сабақ соңында ең ұтымды, әрі дәлелді пікір айтқан қыздарға алғыс хаттар берілді.

 

Желтоқсан айында «Бұрымды қыз» тақырыбында сайыс өтті.

Мақсаты: оқушыларға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе, қыздардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамды қалыптастыру арқылы ізеттілік пен инабаттылыққа тәрбиелеу. Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, үздік деп танылғандар оза шапты.

 

«Әдептілік қағидалары» тақырыбында сыр сұхбат өткізілді.

Мақсаты: әдепті адамдар қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі екенін, әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болатынын оқушыларға түсіндіру. Сұхбат барысында сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісті.

Меню