Жаңалықтар

Сынып жетекшілігі

«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілері туралы ережені бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы   (Министрдің м.а. 2022 жылғы 31 мамырдағы №251 бұйрығына қосымша) бұйрығына  сәйкес Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережеде көрсетілген сынып жетекшілердің мақсаты мен міндеттері, функцияларын негізге ала отырып, мектеп-интерантта 17 сынып жетекші жұмыс жасайды. Оның ішінде шебер педагог сегіз, зерттеуші педагог төртеу, сарапшы педагог екеу, модератор біреу, санаты жоқ екі сынып жетекші жұмыс жасайды. Сынып жетекшілер оқушылардың ата-аналарымен  «Ашық алаң», «Кофе-брейк», конференция, семинар, тренингтер,  «Бақытты жанұя» байқаулары, «Толағай» спорттық жарысын ұйымдастырып,  ата-аналармен тығыз байланыста  жұмыс жасауда. Оқушылардың танымын, білімін практикаға ұштастыратын тағылымы мол ісшаралар   мектептің  фейсбук, инстаграм әлеуметтік  желілеріне үздіксіз жариялануда.

 

 

Меню