Жаңалықтар

Психологиялық алдын-алу

Психологиялық алдын – алу жұмыстары
39

8, 10 сынып оқушыларының бейімделу жағдайын бақылау

Кеңес беру, тренинг, сауалнама

8,10 сыныптар

    8 «а, ә, б, в»  сынып бойынша 100 оқушы қатысты. 8  сынып оқушыларының мектеп-интернатқа бейімделуін анықтау мақсатында     «Қобалжу шкаласы» (Кондаштың « Әлеуметті – жағдайлы қобалжу шкаласы» бойынша) әдістемесі жүргізілді.     Мақсаты: мектеп-интернатқа  психологиялық тұрғыда  бейімделуі мен пәндік бейімделуін анықтау. 8 сыныптар бойынша оқушылардың мектеп-интернатқа бейімделуінде жалпы орта буынға өтудегі қиындықтар жоқ, әр түрлі пәндерден, әр түрлі мұғалімдердің бергендері оларға қиындықтар тудырмаған. 5 сыныптарының     жалпы орта буынға бейімделуі жақсы деңгейде. Қорқыныш, үрей деңгейі жоқ, қалыптасуы жақсы.

 

10 «а, б, в» сынып оқушыларынан «кәсіби бағыт – бағдарын анықтау» мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында 10 «а, б, в» сыныптарынан – 52 оқушы қатысты. сауалнамаға 52 оқушы қатысып, оның ішінде:

10 «а» сыныптан 23 оқушы қатысып, оның ішінде 19 оқушы  жаратылыстану-математикалық  ал 4 оқушы қоғамдық – гуманитарлық бағытты таңдады.

10 «б» сыныптан 16 оқушы  гуманитарлық – қоғамдық  бағытты таңдады

10 «в» сыныптан – 13 оқушы жаратылыстану – математикалық  бағытты таңдады.

Қорытынды: 8 сынып оқушыларының орта буынға өтуінде қорқыныш, үрей деңгейі жоқ, орта буынға бейімделуі     қалыпты деңгейде. 10 сынып оқушылары өздері таңдаған бағыттары бойынша білімдерін жалғастыруда.

40 

Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің зияны

Жиналыс

9-11 қыздар

Желтоқсан

«Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ата – аналар мен қыздарға арналған тренинг сабағы өткізілді.

Мақсаты: жоғары сынып қыздарының ата – аналарына жыныстық өмірдің мәні, адамның психосексуалдық ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, қыз баласының  қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін ұғындыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық- зомбылықтың алдын алу.

41

«Жасөспірімдер өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын мінез- құлық түрлерінің алдын алу»

Тренинг

Пед.ұжым

Ақпан

 Тренингке жалпы 36 мұғалім қамтылды. Мақсаты: мұғалімдердің эмоция мен сезім –адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоцямен сезімдерді қалай басқаруға болатындығына бағыттау

Ұстаздар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларын түйіп алу. Ұстаздарымыздың мектебімізде алатын орны, атқаратын рөлі өз мәнінде болғандықтан ауызбіршілік тудырып, көппен жұмыс істеудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу үшін ұстаздарға кеңестер беріліп, күйзеліссіз тамаша көңіл – күймен жүру, жайдарлылыққа, мейірімділікке әкелетіндігі туралы айтылды.

42

 «Қорытынды аттесттаттау мен ҰБТ бала өміріндегі маңызы»

Тренинг, сауалнама

11сынып ата-аналары

Жасөспірімнің ҰБТ-ға дайындығы кезеңінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер ұсынылды.. Ата-аналарға психологиялық көмек көрсету проблемасын психологтардың мұқият зерттегендігін айрықша атап өткім келеді. Ата-аналармен жаттығулар жүргізілді.

Психологиялық қолдау – балаңыздың ҰБТ ны сәтті тапсыруының маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?

–        Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

–        Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

–        Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

–        Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

–        Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынына сендіріңіз.

–        Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкеліп соғады. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріуі мүмкін.

–        Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз.

–        Балаңызды қолдаңыз, оны уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

–        Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз. Негізгісі – уайымы, үрейін және баланың сабақ қарауына жағдай жсау.

–        Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық жол бермеңіз.

–        Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

 

Меню