Жаңалықтар

Психологиялық ағарту

 Психологиялық ағарту жұмыстары
28

Ата – аналармен жұмыс

1. «Тәрбие отбасынан басталады!»

2.«Кикілжіңнің бала денсаулығына әсері»,

Жадынама

Жалпы ата-аналар жиналысы

Ата-аналарға

Қыркүйек

 Оқушымен ата-анамен қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Ата-анасынан «ата-аналарға арналған ” сауалнамасы жүргізіліп, баласына қанша уақыт бөлетінін, қаншалықты түсініп, тыңдай алатыны біліп тексеру мақсатында 8-9 сынып оқушыларына «Балаларға арналған» сауалнама алынды. Сонымен қатар ата-аналармен «Тәрбие отбасынан басталады», «Кикілжіңнің бала денсаулығына әсері» тақырыптарында жиналыстарда баяндамалар оқылып, баланың ата-ана өміріндегі маңызды орын алатынына шолу жасалады. Әрбір ата-ана оқушының жан-жақты дамуын қадағалауы қажет. Оқушының практикалық және психологиялық дайындығын кәсіптік міндеттермен салыстырып деңгейін білуі керек. Болашақ мамандығын еркін меңгеру үшін, жеке жетіспейтін кәсіби сапасын баламен бірге маңыздылығын анықтау. Өзіндік тәрбиелеуге ұмтылыс және мектеп баламен оның жетістіктерімен мақсатқа жету жолын қарастыру. Еліміздің дамуы мен қалыптасуында ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік ұстап тұара алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ өсіруге атсалысу.
29 «Жыныстық өмір деген не және ерте жүктіліктің алдын алу» жасөспірім қыздарға арналған сауалнамалар

9-11 сынып қыздары

Қыркүйек

Қазан

Ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында 8 сынып қыздарымен «Қыз ұлт әдебі, ел намысы» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Тренинг мақсаты: Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Жар құшып, сәби сүю, ана атану-үлкен бақыт. Десек те бүгінгі таңда ерте жастан ана атану жайлы қоғамның басты мәселесіне айналды. Қыздарымыз – ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны атап өтілді. Тренинг барысында «Қыз ұлт әдебі, ел намысы», «Ағаның қарындасқа өсиеті», «Сұрақтар жаңбыры», «Әріптер сөйлейді»,  «Қыз бала – …. Сөйлемді аяқта» психологиялық жаттығулар, «Болашақ ұрпақ, бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе- Ерте жүктілік» бейне ролигі ұсынылып, кері байланыс жасалды.

Мақсаты: қыздарға гигиеналық тазалық сақтау жөнінде, басқа тиімді кеңестер беру, қыздарға мектептің ішкі ережесін орындауы, мектеп киімін қадағалауы, инабаттылыққа, сыпайылыққа үйрету.

Зерттеуге қатысқан: 250 қыз бала

Зерттеу түрі: сауалнама

Зерттеуді жүргізген психолог Бектаева Г.А. 7 сұрақтан тұратын сауалнама парағы таратылып берілді. Әр сауалнаманы мұқият оқып шығып, сұрақтарға жауап беру тапсырылды.

1. Сауалнама сүйене отырсақ  Иә деп 250 жауап берді. Сол себепті бұл қыздар да мұндай жағдай болмауы үшін түсініктеме жұмыстарын жүргіземіз.

2.Анкета толтырушылардың көбісі ерте жүктіліктің болуына ақымақтық деп ойлайды.

3. Сауалнамада пікір екі жаққа бөлінді, сол себептен осы тақырып бойынша тренинг өткіземіз.

4. Қыздарға ерте жүктіліктің алдын алу шаралары жайында презентация түрінде ашық сабақ өткіземіз және әңгімелесу жүргіземіз.

5. Түсік болмас үшін ерте жыныстық қатынастың алдын алу шараларын түсіндіру

6. Жыныстық қатынаспен жұғатын аурулар жайында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

7. Ата-анаңыздың реакциясынан қорқасыз ба деген сауалнамаға 43% білмеймін деп жауап берген. Сондықтан мен сауалнама толтырушылармен және ата-аналарымен әңгімелесу жүргіземін.

8. Анкета тлтырушыларға басқалардың пікірін тыңдауын айту.

9.Анкета толтырушыларға контрацепция ұғымын түсіндіру.

30

8 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету

Кеңес беру, сауалнама

8 сынып

Қазан

8 «а, ә, б, в»     сынып бойынша 100 оқушы қатысты. 8     сынып оқушыларының орта      буынға    бейімделуін анықтау мақсатында  «Қобалжу шкаласы» (Кондаштың « Әлеуметті – жағдайлы қобалжу шкаласы» бойынша) әдістемесі жүргізілді.  Мақсаты: кіші буынан орта буынға  өткен оқушылардың орта буынға психологиялық тұрғыда  бейімделуі мен пәндік бейімделуін анықтау. 8 сыныптар бойынша оқушылардың орта буынға бейімделуінде жалпы орта буынға өтудегі қиындықтар жоқ, әр түрлі пәндерден, әр түрлі мұғалімдердің бергендері оларға қиындықтар тудырмаған. 8 сыныптарының  жалпы орта буынға бейімделуі жақсы деңгейде. Қорқыныш, үрей деңгейі жоқ, қалыптасуы жақсы.
31 Педагогтермен кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу

Пед ұжым

Қазан

8-11 сынып жетекшілерімен педагогтердің кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу бойынша «Эмоциялық шаршау – ретке келтіру»  тренинг-сабақ өткізілді. «Картинка жаттығу», мақсаты – басыбайлықтан босану, ұйымдасу, педагогтардың ресми түрде емес қарым-қатынасы. Материалдар мен жабдықтар: ескі журналдардан қиылып алынған іртүрлі эмоциялық жүктемедегі картинкалар. Нұсқау: картинкалардың арасынан көңіл-күйінізді, дүниені сезінуіңізді, нанымыңызды білдіретін немесе сізге тек қана ұнайтын бір немесе бірнеше картинаны таңдап алыңыз. Неге осы картиналарды таңдағаныңыз туралы айтып беріңіз. Күтілетін нәтиже: педагогтар эмоционалды қысымынан босаңсиды, ұйымшылдау болып, топтық шоғырланады. «Ашығын айтқанда» жаттығу, мақсаты: эмоционалдық құлдырау проблемаларын саналы түрде ой елегінен өткізу мен вербализациясы. Нұсқау: аяқталмаған сөйлем жазылған кез келген карточканы суырып алып, сөйлемді ашық және шындықты жазып, аяқтаңыз. Күтілетін нәтиже:жаттығу педагог өзінің проблемаларын саналы түрде ой елегінен өткізеді, оларды айтып жеткізуге, педагогтер тобын шоғырландыруға, педагогтардың барлығындағы проблемалардың бірдей екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
32 Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған ойындар

8 сыныптар

Қараша

8 сынып оқушыларымен «Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған ойындар» тақырыбында тренинг-сабақ өткізілді. Мақсаты: жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашу, өзіндік сананы, өзін-өзі реттеу мен тексеру қабілетін дамыту. Әр қатысушыны ойыншылардың санына қарай бос картон карточкаларын алады да оған топтың қалған мүшелерінің әрқайсысына тілек жазады. Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді. Тренинг тек баланың өзіндік санасын өзгертуге, осылайша оны жаңа қылықтар жасауға дайын болуға жағдай жасайды, ал жаңа қылықтар өзіндік санада өзгерістер бекітеді.
33

«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез – құлықтың  алдын – алу»

Коучинг

9-11 сыныптар

Қараша

 9-10-11 сынып оқушыларымен  «Жасөспрімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында     коучинг өткізілді, қатысқан оқушы саны: 72 Мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.тренинг барысында «Суретті жалғастыр», «Менің мінезім», «Құбыр», «Тілек шамы», «Жан жылуы», «Суреттер сөйлейд» тренингтік жаттығулар жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысты. Сурет салу арқылы олардың мінездері анықталды. Осы тренигтен кейін балалардың өзгерген жақсы қасиеттері байқалды. Тренинг өз деңгейінде өтті.

Мектеп  психологы Г.Бектаева

34

Жасөспірімдердің конструктивтік қарым-қатынас тренингі

Семинар тренинг

11 сынып

Желтоқсан

11 сынып оқушыларымен авторлық тренинг өткізілді.

“Менің  сәлемдесуім” жаттығуы

Ақапараттық мәлімет

«Қарым-қатынас компоненттері»

Жаттығу “Есімім + мен туралы ешкім білмейтін мәлімет”.

(Белсенді тыңдаушы психотехникасы негізінде)

“Фразаны аяқтау”жаттығуы.

(Айнадағы көрініс психотехникасы негізінде)

Жаттығу” Сыпырғыш ”

(Белсенді тыңдаушы психотехникасы негізінде)

“Мен басқалардың көзімен” ойыны»

(Тең құқылық психотехникасы негізінде).

Жаттығу «Мен өзіме …… ұқсайтын адамды шақырғым келеді»

(Дербес өтініш жасау психотехникасы негізінде)

Жаттығу ” Сен өте жақсысың, өйткені…”.

“Комплимент” психотехникасы негізінде)

“Үш тілектер парағы”жаттығуы.

(Тең құқылық психотехникасы негізінде).

Сабақтың рефлексиясы.

35

“Мамандықты қалай таңдасам екен? Бұл жөнінде не білуіміз керек?

Конференция

9-11 сынып

Желтоқсан

36

«Мен өмірді сүйемін»

Тренинг

9-11 сынып

Ақпан

9 сынып оқушыларымен қарым-қатынасты нығайтуға арналған тренинг-жаттығулар өткізілді. Тренинг барысында

1. сәлемдесу

2. «Өрмекші торы» жаттығу

3. «Ақ парақ» жаттығуы

4. «Жартастан өту» жаттығуы

5. «Ашулы шарлар» жаттығуы

6. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы мақсаты: бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару

37

Мұғалім-мектеп жүрегі

Тренинг

Пед.ұжым

Ақпан

«Мұғалім – мектеп жүрегі» тренинг сабақ

Мақсаты: Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда сүйенетін психология ғылымынан мәлімет беру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар:суреттер, тренинг ережесі, геометриялық фигуралар, үлестірмелі қағаздар, маркерлер.

Тренинг жоспары:

1.     Психогеометриялық тест

2.     Бой сергіту: «Орын алмасамыз»

3.     «Суреттегі ой» жаттығуы

4.     «Әріптік мәтін» жаттығуы

5.     Рефлекция

1.     Психогеометриялық тест

Психогеометриялық тест. Әр қатысушы өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.

Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.

Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңісе құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз ,саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.

Тіктөртбұрыш – көңіл-үйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.

Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.

Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

2. Бой сергіту: «Орын алмасамыз»
Қатысушылар шеңбер жасай орындықта отырады.

Нұсқау: «Кәнеки, кімде – кімнің…
шашы ұзын қыз – келіншектер;
алмұртты жақсы көретіндер;
гитара тарта алатындар;
сағат тағып жүргендер;
өмір бойы бір мекемеде қызмет етіп келе жатырғандар;
Қазіргі уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс жасайтындар;
Өз жұмысының нағыз маманымын дейтіндер;
10 жылдан астам педагог болып жұмыс жасап келе жатырғандар;
Бала кезден мұғалім болуды армандағандар;
Тренингке бірінші рет қатысып отырған жандар болса бір – біріңмен орын ауыстыруларыңыз сұралады.». Мақсат аталған белгілері немесе қабілеттері бірдей кісілердің орындарын ауыстыру. Жүргізушінің мақсаты – кез келген босаған орынға жылдам отыра қою. Кім отырып үлгіре алмаса, енді сол жүргізуші болады.
– Бәріңізге де үлкен рахмет! Бәріңіз де бой сергіту жаттығуын ойдағыдай орындадыңыздар! Енді түгел орындарыңызға қайта отырыңыздар.

                                 3. «Суреттегі ой» жаттығуы

Барысы: экраннан 3 топқа бөлінген суреттер көрсетіледі.
Тренер сөзі: экрандағы суреттерге байланысты әр топ өз ойларын, түсінгендерін айтып ой бөліседі.
1тапсырма: ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады.
2-тапсырма: Жарқын шуағын төккен күн шуағының астында әр ұлттың үш баласы қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Сыртқы түстері әр түрлі болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын төгеді.
3-тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты бейнелеу.
Мұғалімдер ойы:
Тренер талдау: Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден іздейік . сіздердің жауаптарыңызда керемет болды, рахмет! Енді, арнайы сіздерге тағы бір сурет көрсетіледі бұл тапсырманы 3 топта орындау керек

38

Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру

«Сенімділік күш береді!»

Тренинг

11 сынып

Ақпан

Мақсаты: қатысушылар өз-өзін терең тануға, өздерінің сезімдері мен көзқарастарын түсінуге көмектесу, өзі туралы жағымды ішкі диалогты жүргізу дағдысын дамыту, өзін-өзі талдай білу қабілетін дамыту

«Кім өзін басқалардан көбірек мақтайды?», «Кіші топтарда пікір талас», Ескерту бланкісі «Менің ең жақсы қасиеттерім», «Менің өзіндік құндылығымның декларациясы» жаттығулары жүргізілді.

 

Меню