Жаңалықтар

Оқушы қабылдау

                  Мектеп-интернатқа  оқушыларды қабылдау

      Құжат бойынша балалар оқуға білім беру мекемесі басшысының бұйрығы негізінде қабылданады.

Сыныптарды балалардың дайындығы мен даму деңгейіне қарай жасақтауға жол берілмейді.

Білім мекемесіне оқушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымы басшысы ата-аналармен немесе балалардың өкілімен білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісімшарт жасалады.

Білім беру мекемесіне білім алуға ерекше қажеттілігі бар балаларды қабылдау ата-ананың немесе баланың заңды өкілінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық қорытынды жасалғаннан кейін іске асырылады.

Ата-аналар, баланың немесе оқушының заңды өкілдері білім беру мекемесін баланың немесе оқушының ниетін, жеке бейімділігін және ерекшелігін ескере отырып таңдайды.

Білім мекемесі баланы оқуға қабылдаудан бас тартқан жағдайда ата-аналар немесе оқушының заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті білім беру органына хабарласуы қажет.

Мектепке  қабылдау үшін оқушыдан мына құжаттар талап етіледі:

  • ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің еркін формадағы өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • баланың ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген 026/у-3 формадағы денсаулық жағдайы туралы құжаты;
  • баланың денсаулығы туралы 063/у формасындағы құжаты;
  • 3х4 өлшемдегі 2 фотосурет.

Мектепке балалар конкурстық негізде қабылданады. Осы таңдау арқылы баланы өзінің дайындық деңгейін анықтау үшін әңгімелесуге шақырады. Сұхбаттасушылар қатарына пән мұғалімі, медициналық қызметкер (психолог) және әлеуметтік педагог кіреді.

Білім мекемелеріне құжат қабылдау әр түрлі күнтізбе уақытымен  жүргізіледі.

Меню