Жаңалықтар

Оқуға құштар мектеп

«Оқырмандар» клубы

Клуб Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында Абай атындағы РММИ жанынан құрылған орталық болып табылады.
Клубтың мақсаты – оқырман ұлт қалыптастыру.
Клубтың міндеттері:
• Интеллектуал оқушылардың ортақ һәм еркін алаңын құру.
• Оқушылардың қоғамға пайдалы жобаларды бірігіп жасауына жол ашу
• Үздіктердің танылу, көсілу алаңы болу.
• Педагогтер мен ата-аналарды кітап оқуға қызықтыру, жұмылдыру.
• Толқындар арасындағы сабақтастықты күшейту.

2022 жылдың қазан айынан бастап жұмысын жүргізіп келеді. Әр ай сайын оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен алдын ала берілген шығармалар талқыланып, нәтижесінде «Айдың үздік оқырманы», «Үздік жетекші», «Үздік оқырман педагог», «Үздік оқырман ата-ана» номинацияларымен марапатталуда.
Клуб мүшелері мен еріктілер бірлесе қор құрған. Сол арқылы үздік оқырмандарға түрлі қызықты кітаптар сыйлануда.

Меню