Жаңалықтар

Ұлдар тәрбиесі

 «Елтұтқа» ұлдар ұйымының іс-шара жоспары

Мақсаты: ер балалардың арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, өз еліне патриоттық сезімін ояту.

«Елтұтқа» ұлдар ұйымының бағдарлама жоспары құрылып, қыркүйек айында бекітілді. «Елтұтқа» ұлдар ұйымына жауапты ДТІЖО Нұрабаева А.П. «Елтұтқа» ұлдар ұйымының мүшелерін сайлау қыркүйек айында өткізілді. Сайлауға 8-11 сынып арасындағы оқушылар қатысып, жауапты әрі белсенді оқушылар ұлдар кеңесінің төрағалары болып сайланды.

 

Қазан айында «Спорт – саулық кепілі» атты эстафеталық сайыс өткізілді. Мақсаты: ұл балаладың спортқа деген құлшынысын ояту. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Желтоқсан айында «Дені сау адам-қоғамның маңызды құндылығы», «Спид ғасыр індеті» тақырыбында дәрігерлермен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп мектеп медбикелері мен ДТІЖО Нұрабаева А.П қатысты. Дәрігер тарапынан оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Қараша айында «Әлеуметтік желідегі кибербуллинг әсері» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Қазіргі таңда кибербуллинг мәселесі өте өзекті. Осыған орай балаларды кибершабауылдан қорғау туралы танымдық шараның маңызы зор болды. Осы негізде оқушыларға белгісіз топтарға кірмеу, бейтаныс жандармен таныспау туралы үгіт насихат жүргізілді.

Ақпан айында «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» тақырыбында ер балалар өз шығармашылықтарын оқыды. Ұлдар шығармашылығын тыңдай келе жасөспірім балалар болса да үлкен ақындарша көсіле жырлағанын көру көңіл қуантады.

 

«Нағыз ер азамат қандай болу керек» тақырыбында ұлдар арасында пікірталас өткізілді.

 

Меню