Жаңалықтар

Кітапхана қызметі

 

Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаты кітапханасы туралы мәлімет.

 

Кітапхананың оқырман саны- 485

Оқу залы,абонемет -1

Интернет желісімен жабдықталған.

Кабис цифрлық жүйесімен жұмыс жасайды.

 

Мектеп кітапханасын пайдаланудың жалпы ережелері:

 

Кітапхана оқырмандарға уақытша қолдануға кітаптарды беруге міндетті.

  • Кітапхананы оқушылар мен мектеп қызметкерлері қолдануға құқықты.
  • Кітапхананы қолдану тегін
  • Кітаптарды үйге алып оқуға болады, ал оқырман залындағы әдебиеттер үйге берілмейді.
  • Энциклопедиалар, сөздіктер, анықтамалар тек оқырман залында беріледі.
  • Әр оқырманға жеке оқу формуляры берілген. Ол
  • 5 жылға берілген.
  • Оқырман формуляры кітаптарды қашан және қай мерзімде қайтару туралы жазылатын құжат ретінде сақталады.
  • Кітапхана кітаптарын жоғалтқан немесе жыртқан кезде олардың ақысын немесе дәл сондай кітап беруге тиіс.
  • Әр жыл сайын оқу жылының басында қайта тіркеу жұмысы жүргізіледі.
  • Үйге берілген оқулықтар шектеулі уақыт арасында қайтарылуы керек

Ғылым мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде мектеп кітапханасының қызмет көрсету ауқымы электронды ресурстармен толығуы керек. Заманауи ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де, кітапхана маңызды буын болып саналады. Мектеп кітапхана ісін автоматтандыру жүйесі оқырмандарға қажетті электронды ақпараттар қорын жинақтап, оны компьютерлік желілер мен интернет жүйесі арқылы жеткізудің негізгі құралы екені анық.

Кітапханаларды автоматтандыру деп – кітапхана қызметкерлерін толығымен кітап сақтауды жинақтауда, қайта өңдеуде, анықтамалық ақпараттарды орындауда көптеген қиындық туғызатын мәселелерден босатуды айтамыз.

Кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты- кітапхана қызметін жетілдіріп, ашық ақпарат кеңістігінде ақпарат түрлерін еркін пайдаланып, ақпарат және кітапхана-библиография қызметін кеңейту, ақпараттарды оқырманға тез және ыңғайлы түрде жеткізу, сонымен қатар кітапхана жұмысына жаңа ақпарат-тық технологияны енгізу.

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатымыздың кітапханасы интернеттің  жаңа жүйесіне тіркелген. Осы жүйеге ену және интернетке қосылу арқылы мектеп қызметкерлері мен оқушылары әр сабақтан керек ақпараттың көзін тауып күнделікті сабақ барысында  пайдаланып келеді. Бүгінгі таңда кез келген оқушы компьютерлік сауаттылықты меңгерген, бос уақыттарын Интернетте  өткізу арқылы әр түрлі ақпараттарға қол жеткізе алады.Кітапханамыздағы кітаптардың 2000-ға жуығы КАБИС-жүйесіне енгізілуде. Оқушылар мен мұғалімдердің оқуына жағдай жасалып,50 орындық оқу залы ,абонемент жұмыс жасайды.

Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек? Бүгінгі ақпараттық техникалық үрдістің даму барысында ақпараттың мүмкін-діктері мол жаңа техникалық құралдардың пайда болуы заңды құбылыс. Бұрынғы дәстүрлі «кітапханашы – оқырман – кітап»   жүйесіне жаңа буын компьютер енгізіліп отыр. ХХI ғасыр ақпараттық қоғам ғасыры, бұл өркениеттің жаңа түрі десе де болады, сондықтан жаңа әлемге үлкен дайындықпен, білім және компьютерленген өмір шындығын дұрыс бағалап, түсіне отырып аяқ басу керек. Ақпараттың дұрыстығы мен сапасына деген сенімді қалыптастыру кітапханашының жауапкершілігінде болмақ. Маңызды мәселелердің бірі-кітапхана базасында электрондық кітапхана құру. Электрондық кітапхана –оқырмандарға қызмет көрсету барысында жан-жақты мүмкіндіктер жиынтығын қолдану аясын кеңейтеді. Электрондық кітапхана –қордың бір бөлігі, әрі ақпараттық технологиялардың жаңа элементі. Электронды кітапхананың мәлімет базалары бағдарламалық-техника жиынтығын қолдана отырып құрастырылады, құжаттарды машина оқитын түрге айналдыру жұмысы жүзеге асырылады, құнды топтамаларды сақтау және олардың электрондық көшірмелерін жасау арқылы сирек әдебиеттерге, басқа да мәліметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету, жеке жинақтарды құру сияқты жұмыстарды атқарады.

Кітапхана ісін автоматтандыру, қағаз түріндегі дәстүрлі ақпараттық қорларды электронды түрге көшіру, электронды каталогтар, библиографиялық дерек қорлар жасақтау, интернет желісінің көмегімен ақпарат алмасу – кітапханалардың басты міндеті болып табылады.

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатымыздың кітапханасы интернеттің  жаңа жүйесіне тіркелген. Осы жүйеге ену және интернетке қосылу арқылы мектеп қызметкерлері мен оқушылары әр сабақтан керек ақпараттың көзін тауып күнделікті сабақ барысында  пайдаланып келеді. Бүгінгі таңда кез келген оқушы компьютерлік сауаттылықты меңгерген, бос уақыттарын Интернетте  өткізу арқылы әр түрлі ақпараттарға қол жеткізе алады.Кітапханамыздағы кітаптардың 2000-ға жуығы КАБИС-жүйесіне енгізілуде. Оқушылар мен мұғалімдердің оқуына жағдай жасалып,50 орындық оқу залы ,абонемент жұмыс жасайды.

Мектеп кітапханасы заман талабына сай жаңа технологиямен жұмыстануда. Кітапханаға келген оқушының талабын орындау мақсатында электронды каталогпен жұмыс істеу пайдалы.

Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал. Электронды каталогты қолдану кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсетудің мүмкіндігін кеңейтеді, электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам таба алады, табылған әдебиеттер тізімін басып  шығаруға болады.

Қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан жақты алу, видео, аудио,интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алатын білім мен сауаттылықтың орны ерекше.

Мектептегі ақпараттық мәдениет – бұл кітапқа, кітап оқуға деген ынтасы, сүйіспеншілік оята білудің, түрлі ақпараттық дерек көздерді іздестіруге және оларды тиімді пайдалануға машықтандыра отырып, өз бетімен білім алуға үйретудің алғашқы қадамы. Сондықтан оқушыларды өзіне қажетті ақпаратты дұрыс анықтауына, анықтаған ақпараттарды талдай отырып, ең қажеттісін іріктеуіне және оған тиімді, әрі жылдам тәсілмен қол жеткізу.

Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық  ресурстар,  пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын автоматтандыру – бұл бүгінгі күннің белесі.

Заманауи мектеп кітапханаларының басты міндеті біртұтас электрондық кітапханалық жүйені қалыптастыру, автоматтандыру жұмыстарын кеңейту. Осыған орай кітапхана оқырмандарын қашықтықтан оқыту бойынша көптеген  жұмыстар жүргізуге болады.

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем.

Қоғамның интеллектуалды бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен еліміздің мәдени және ақпараттық тұтастығын қамтамасыз етуде кітапхана рөлін нығайту, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы, тұрғылықты жеріне қарамастан Қазақстанның әрбір азаматына әлемдік ақпараттық ресурстар, демократиялық мүмкіндіктеріне қамтамасыз ету маңызды.

Уақыт талабына сай болуға ұмтылу біздерді,  кітапхананы компьютерлендіру тәрізді маңызды жұмысты атқаруға жетелейді. Ақпараттық технологияларды игеріп, ақпаратты пайдалануға қол жеткізген әр адам өзінің күнделікті ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыра алады. Сондықтан да біз оқу мен ағартуға деген ынтаны, үздіксіз білім алуға қолдаймыз, сонымен бірге, ақпарат пен жаңа білімді пайдалануды өркендетеміз.

 

Меню