Жаңалықтар

Іс-шаралар жоспары

Абай атындағы Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернат

Оқуға құштар – мектеп   жобасы

 

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.

Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Әрине, бұған «Табысты оқу» жобасы көмекке келеді.

«Табысты оқу» әлеуметтік әрі педагогикалық жобасының жүзеге асырылуы. Мектебімізде «Табысты оқу» әлеуметтік-педагогикалық жобасы қолға алынған болатын.

Мектеп оқушылары осы бағыттағы түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жаңа форматтағы алаңда мазмұнды, мағыналы жұмыстарымен бөлісті.  Оқыған кітаптары бойынша жүргізілетін «кітап талдау,өзің оқы да,басқаға қалдыр» талдау түрлері, интеллектуалдық ойындары сныптар арасында  өткізу дәстүрге айналды.  Жүргізілген жұмыстарды саралай келе, бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір буында ғана емес, 8-11 сыныптар арасында жүргізудің қажеттілігіне көз жеткіздік.

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы  бүкіл мектеп ұжымын қамтуды, жүргізілетін жұмыстардың нәтижеге бағытталуын мақсат етеді. Осы оқу жылында жүргізілген зерттеулер нәтижесі:  Оқушылардың кітапханаға бару белсенділіктері – 73%, мұғалімдердің баруы – 68% тарттық.

Ұжым ұстаздары арасында әр жиналыс сайын «Ұжымдық оқуға» уақыт бөлініп, «Бір әлем, бір кітап»  жобасы іске асырылды.2021-2022 оқу жылының көркем әдебиеттерді оқып, ватсап желісінде бөлісіп отыру әдетке айналды.

 «Кел, балалар, оқылық» 20 минуттық оқу жобасы.8-11 сыныптар арасында

Қорқыттың нақыл сөздері,Абай қарасөздері нағыз- философия,Бауыржан

Момышұлы Ұшқан ұя,Ғ.Мүсірепов Кездеспей кеткен бір бейне,І.Есенберлин Көшпенділер,М.Әуезов Абай жолы роман-эпопеясын томдар бойынша талдау жасадық.

Жоба аясында «Оқырман ата-ана – оқырман бала» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы марафоны басталды.Кітап оқудағы ата-аналар белсенділігін арттыру мақсатында «Ата-аналар оқуы», «Отбасылық оқулар»  ұйымдастырылды.

Кітапхана жұмысы. «Кітапханашы сабағы», «Оқы да, басқаға қалдыр!» буккроссинг алаңы үздіксіз жұмыс жасауда. Оқушылар, ұстаздар, ата-аналар оқыған кітаптарын осы алаңға өткізіп,қалаған кітаптарын алады, кітап алмасады. Кітапхананы заманауи жабдықтау. Демеушілерді тарту. Мектеп кітапханасына ағымдағы жұмыстарды жүргізу. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы барысында көптеген кітап сыйға тартылды.

 

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған  қазақ тілі мен әдебиетінен тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың мектеп кітапханасында 2022-2023 оқу жылында  атқарылатын іс-шара жоспары

Р/С Атқарылатын жұмыстың мазмұны Жұмыс түрі Өткізілетін уақыт жауапты
1

Ата-Заңым  – Айбыным

 

көрме тамыз кітапханашы
2 Еңбексүйгіштік,адалдық  пен білімділік ұлтымыздың құндылығы көрме қыркүйек кітапханашы
3 Кітап-сиқырлы,ғажап әлем кітапханаға саяхат қыркүйек 8 сыныптар
4

Қаламмен кешкен тағдыр

Ә.Нұршайықовтың тұғанына 100 жыл.

сыр-сұхбат қазан

10 сынып оқушылары,

кітапханашы

5 «Мен оқыдым басқаға» кітап ұсыну челендж қараша 8-11 сыныптар
6 «Өтті дәурен осылай» Д.А.Қонаевтың тұғанына 111 жыл. көрме желтоқсан кітапханашы
7 «Тамыры терең,тұғыры биік Қазақстан» көрме желтоқсан кітапханашы
8 «Азаттық таңын аңсаған – ұлт ұстазы»А.Байтұрсынұлы тұғанына 150 жыл әдеби караоке қаңтар 8-11 сыныптар
9 «Жаратылыснама» даналық академиясы саяхат ақпан 8 сыныптар
10 Ана-гүл,ана-жыр,ана өмір шуағы тақырыптық сөре наурыз кітапханашы
11 Ұлы Жеңістің 78 –ші көктемі(Қахарман қазақ батырлары:М.Мәметова,Т.Бигелдиновқа арналған ерлік сөресі) көрме сәуір кітапханашы
12 WI-FI классиканы ілгерілетуде әлем әдебиетіне шолу сәуір кітапханашы
13 Бізді кітап біріктіреді кітап талдау сәуір кітапханашы
14 Әлемдік ойдың алыбы- Абай ақын өлеңдерінен караоке мамыр 8-10 сыныптар

 

 

« Оқуға құштар мектеп»  жоспары  бойынша2022-2023 оқу жылында  атқарылатын іс-шаралар жоспары

 

Мақсаты:

1.Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру,кітап оқуға ынтасын арттыру,көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын арттыруға ықпал ету;

2.Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

3.Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға

сүйіспеншілігін арттыру;

Күтілетін нәтиже: 

  1. Барлық сынып оқушыларының көркем шығарма оқу арқылы

оқу дағдысын,сауаттылығын  қалыптастыру.

  1. Оқыған кітаптарымен көпшілік алдында сөйлеп бөліседі.
  2. Әдеби-классиккалық шығармаларды оқи отырып,тілді дамыту,шығармаларды насихаттауға дағдыландыру.

 

 

 

Рет саны

Жұмыстың

тақырыбы

Өткізілу түрі Сыныбы Айы,күні
 
 
1

Сөз патшасы – өлеңмен(Абай –өлеңдерін мәнерлеп оқу)

 

мәнерлеп

оқу,жатқа айту

8 сынып қыркүйек
2 Бауыржан Момышұлы «Ұшкан ұя»

мазмұндау

 

8  сынып қазан
3

Абай «Қалың елім,қазағым…»

 

өлең талдау 8 сынып қараша
4 Абай қарасөздері философиялық шығарма марафон 8-11 сынып желтоқсан
5 « Абай жолы» 1,2 том роман-эпопеясын оқу,талдау марафон

 

 

8- сынып

жыл бойы
6 «Абай жолы»1,2,3 том роман эпопеясын оқу,талдау талдау 9-сынып жыл бойы
7 Әбіш Кекілбаев «Аш бөрі»әңгімесі

мазмұндау,

талдау

9-сынып ақпан
8 Оралхан Бөкеев «Апамның астауы» әңгімесі талдау 10-сынып ақпан
9 «Абай жолы»1,2,3,4том роман эпопеясын оқу,талдау марафон 10-11сынып наурыз
10 І.Есенберлин «  Көшпенділер» талдау 11-сынып сәуір

 

Меню