Қасиет, қуаты мығым шешендік өнеріміз тағы бір белесті сәтті бағындырып, асудан абыройлы һам аман-есен асып, асқарға өрледі. Салтанатты, сәулетті сөз өнерінің сәнді керуені республикалық Абай мектебінен басталып, бар алапқа өшкіндеп бара жатқан тарам-тарам тарихи соқпақтарды айшықтай түсіп тарап жатты…
Еліміздің 15 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 28 оқушы бақ сынаған сөз додасы ұлттық рухани мұрамызды жаңа заманда жаңаша үлгіде жаңғырта алатын жалынды, жігерлі жастардың өсіп келе жатқан көрсетті. Сол арқылы тіліміз бен рухымыздың өшпейтініне көзімізді жеткізіп, көңілімізді марқайтты…
Әрине, дайындығы нашар және орташа қатысушылар да аз болмады. Есесіне олар сайыстан сабақ алып мол тәжірибе жинап қайтты. Ал аталы сөзді ардақтап, салмақты түрде сүбелі сөз айтушылар айызымызды қандырды….
Дәл осындай байқау, сайыстар көбейсе ғана шешендік өнердің дамуына жол ашылады. Өйткені, “сөйлей-сөйлей шешен боламыз”…
Байқау қорытындысы:
Бас жүлде(100 000₸) – Несіпбай Шамил (Абай атындағы РММИ). І орын(70 000₸) – Арғынбаева Ұлпан (Астана).
ІІ орын(50 000₸) – Қайып Айдана(Абай атындағы РММИ), Тұрсынова Нұрайым (Абай облысы). ІІІ орын(30 000₸) – Қапсемет Бөрте (Абай облысы), Әбілқайырқызы Іңкәр (Жетісу облысы), Хайдаров Әмірхан (БҚО), Анарқұлова Асем(Шымкент).
6 арнайы жүлде иегері 20 мың теңгеден сыйақы алса, қалған қатысушылар алғыс хатпен қайтты.
4 рет республикалық деңгейде өткен байқауға үшінші жыл қатарынан руханияттың шын жанашыры – “Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры” демеушілік жасады. Мәдениет қорының құрылтайшысы, ұлт жанашыры Қанат Зейноллаұлына, Абай мектебінің әкімшілігі мен ұжымына, әділ қазылар мен барша қатысушыларға алғыс айтамыз!
Жаңалықтар