Жаңалықтар

2022 жылдың 08 тамызында желілік Абай мектептерінің педагог қызметкерлері үшін «Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру» тақырыбында тамыз  кеңесі өтеді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылдың 08 тамызында, сағат 9.00-де желілік Абай мектептерінің педагог қызметкерлері үшін «Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру» тақырыбында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, абайтану, шешендік сөз өнері пәндері бойынша тамыз кеңесін өткізеді. Офлайн форматқа – 100 адам, онлайн форматқа 500 адам, конференцияға барлығы 600 адам қатысады деп жоспарлануда.
Сондықтан Тамыз кеңесіне офлайн қатысу үшін келетін қатысушылармен қатар желілік Абай мектептерінің барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық пәндердің мұғалімдері, директорлары, директорлардың орынбасарлары онлайн зум платформасына қосылады.

Zoom Abaimektep приглашает вас на запланированную конференцию: Zoom.

Тема: «Білім беру үдерісіндегі жаңару мен жаңғыру» тақырыбында желілік Абай мектептерінің республикалық тамыз кеңесі. Ұйымдастырушы: Абай ат. РММИ Уақыты: 08.08.2022ж., басталуы сағат 9.00.
Время: 8 авг. 2022 08:30 AM Алматы

Подключиться к конференции Zoom
https://us06web.zoom.us/j/81074391362?pwd=VERncTBxaWdkaFpkTUZKL3RROW81UT09

Идентификатор конференции: 810 7439 1362
Код доступа: 123

Түстен кейінгі секциялық отырысқа да осы сілтеме арқылы кіресіздер. Зумның сессионный залын 5-ке бөліп, әр пән мұғалімі БАСШЫЛЫҚ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, АБАЙТАНУ, ШЕШЕНДІК СӨЗ ӨНЕРІ бойынша бөлінген залдарды таңдау арқылы зумға кіресіздер.

 

Меню