Жаңалықтар

2022 жылдың 18-20 мамыр аралығында республика көлемінде IV «Абайтану»  олимпиадасы өтеді

Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларына, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдарына, желілік «Абай мектептеріне»

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылдың 18-20 мамыр аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 қазақ сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен  республика көлемінде IV «Абайтану»  олимпиадасын (ары қарай – Олимпиада) өткізеді.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып Ережеге сәйкес (ереже www.abaimektep.kz сайтында) олимпиада үш кезең бойынша өткізіледі.  Аудандық, облыстық, республикалық.

Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 1, 2-кезеңдерде жеңімпаз болған 6 оқушыдан: 9-сынып – 2 оқушы, 10-сынып – 2 оқушы,11-сынып – 2 оқушы, әр өңірден ашылған желілік «Абай мектептерінен» 9-сынып – 1 оқушы, 10-сынып – 1 оқушы, 11-сынып – 1 оқушы қатыса алады.

Қатысушылардың Алматы қаласына келу күні – 18 мамыр, қайту күні – 20 мамыр, сағат 18.00-ден кейін.

Қатысушылардың Алматы қаласына келуі мен қайтуы, тамағы, жататын орны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, байланыс телефондары: 8(727)3870846

Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 87021750404.

Меню