Жаңалықтар

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТӘЛІМДІ КЕШ

2022 жылдың 16 ақпанында руханият ордасы, қара шаңырақ Абай мектеп-интернатымызда “Ділмар” үйірмесінің ұйымдастыруымен дінтанушы, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесу өтті.
⚡️Рухани кеште айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, мектеп-интернат түлегі Серік Қалиев қонақ болып, сүбелі сұқбат тізгінін журналист, “Ділмар” үйірмесінің жетекшісі Жарқын Сәленұлы және “Ділмардың” үздік әрі белсенді мүшесі Баймбетова Айкөркем ұстап, көп көкейіндегі сауалдарды қозғады.
⚡️Жас дарындар рухани кеште хакім Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін оқып, онымен сабақтастыра Қ.Жолдыбайұлының “Кемел адам” кітабынан үзінділер айтты. Кеш барысында Қ.Жолдыбайұлы әрбір адамның кемелденуге ұмтылуы тиіс екендігін, Абайдың “толық адам” ілімі, уақытты тиімді пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, денсаулық, қаржы сауаттылығы жайында кеңінен ой қозғады.
⚡️Рухани кеште оқушылар да өз сауалдарын қойып, тағылымды кештен тәлім алды. Мектеп-интернат кітапханасына Қ.Жолдыбайұлы “Кемел адам” кітабын сыйға тарту етіп, мектеп ұжымы өз алғысын білдірді.
Меню