Жаңалықтар

2022 жылдың 28 ақпанында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 қазақ сынып оқушылары арасында республика көлемінде қашықтан ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауы өткізіледі.

Ұлы Абайдың мұрасын жастар арасында насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылдың 28 ақпанында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 қазақ сынып оқушылары арасында республика көлемінде қашықтан ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауын (ары қарай – Байқау) өткізеді.

Ережеге сәйкес (ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауының ережесі – 2022 жыл) байқау 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық, республикалық.

Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 1, 2-кезеңдерде жеңімпаз болған 12 оқушыдан: 8-сынып – 2 оқушы, 9-сынып – 2 оқушы,
10-сынып – 2 оқушы, 11-сынып – 2 оқушы, әр өңірден ашылған желілік «Абай мектептерінен» 8-сынып – 1 оқушы 9-сынып – 1 оқушы, 10-сынып – 1 оқушы, 11-сынып – 1 оқушы қатыса алады.

Сұранысты ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін мына поштаға abairsshi@mail.ru жіберу қажет. Сұраныс Қосымша 1-де көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, байланыс телефондары: 8(727)3870846, сайт: www.abaimektep.kz,.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 702 906 30 06, 8 702 843 53 34.

Меню