Жаңалықтар

ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ДІЛМАР» ШЕШЕНДІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Халқымыздың ғасырлар бойғы билік жүйесі, тұрмыс салты, өмірлік тәжірибесі, өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасып, дамып, кемелденген өнері – шешендік. Оның қоғамдық, әлеуметтік және саяси мән-маңызы, рөлі мен қызметі айрықша. Шешендік өнер – сан алуан саланы қамтитын, көп ғасырлық тарихы бар, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ереше өнер. Алайда бүгінгі буын шешен сөйлеуге дағдылану түгілі тіл тазалығын, сөйлеу мәнері мен мәдениетін дұрыс сақтай алмайтын күйге түсті. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2018 жылдан бастап
Абай атындағы мектеп-интернаты республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын өткізуді қолға алған болатын. Аталған байқау биыл үшінші рет өткізілді.

Байқаудың мақсаты: оқушыларды бабалар мұрасын білуге, құрметтеуге, кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.

Байқаудың міндеттері:

Шешендік өнердің мән-маңызы мен қадір-қасиетін түсіну; би-шешендердің шешендік сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық қызметін ұғыну; шешен сөйлеуге, сөйлеу мәдениеті мен тіл тазалығын сақтауға дағдылану, шешендік сөздер мен толғауларды күнделікті өмірде қолдану.

2021 жылдың 25 қараша күні мектеп-интернатта үшінші рет жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып (қазақ сыныптары) оқушылары арасында       ІІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілді.

Байқау барысы:

І кезеңде ұсынылған тақырыпты нақты мәлімет, дәйекті дерек, мағыналы мысалдармен жан-жақты ашуы керек. Көркем тіркес, шешендік сөз, мақал-мәтел, нақыл сөздер қолдану деңгейі міндетті түрде ескеріледі.

ІІ кезеңде екі қатысушы тақырып аясында бір-біріне кемінде екі нақты әрі ұтымды, өзекті сауал қоюы шарт. Сұрақтың тақырыпқа сай келуі мен өзектілігі, оған берілетін жауаптың қысқа, нақты әрі дәл болуы бағалаудың басты талабы ретінде қарастырылады.

ІІІ кезеңде әр қатысушы 1-кезеңдегі ұстанымына қарсы бағытта пікір айтып, ой қозғап, тақырыпты қорытындылап ұсыныс білдіреді.

ІҮ кезең – қорытынды кезеңде көрерменнің, тыңдарманның, сарапшылардың, сыншы сырт көздің қатысушыларға сұрақ қоюы.

Шешендік сайысының басты ерекшелігі: қатысушы сұрақ түрінде құрылған тақырыптың екі бағытына, жалпы мазмұнына бірдей дайындалады. Бұл оның ізденуі мен білімін арттырады. Әр мәселені екі жағынан да қарастыра отырып, өз ой-пікірін, ұстанымын білдіріп, қорытынды пікір айтуға үйренеді. Көркем де жүйелі сөйлеуге дағдыланады.

ІІI республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына еліміздің 11 облысы, 3 қаласынан, Абай желілік мектептері мен Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген 22 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша оза шапқан от тілді, орақ ауызды бала ділмарлар ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қолы мен мөрі қойылған дипломдармен және мектеп-интернат түлегі, кәсіпкер Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар, қазына-құт кітаптармен марапатталды.

ІІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы

Алғыс хат (Қазылар алқасының авторлық кітаптары)

  1. Акбаров Нуржан (Қостанай облысы)
  2. Сатылхан Мадина (Шымкент қаласы)
  3. Шүкір Даяна (Ақмола облысы)
  4. Еркіналы Айкөркем (Ақтөбе қаласы)
  5. Абильбек Нұржан (Алматы қаласы)
  6. Абдугалиева Мейрамгүл (БҚО)
  7. Қапан Аруана (ШҚО, Аягөз ауданы)
  8. Қалиқанова Дилназ (ШҚО, Абай ауданы)
  9. Алланиязова Зарина (Нұр-Сұлтан)
  10. Баймбетова Айкөркем (Абай РММИ)
  11. Қазыбек Жалғас (Абай РММИ)

ІІІ орын – 20000тг

  1. Айтжанов Алмас (Нұр-Сұлтан)
  2. Жақсылықова Амина (Алматы облысы)
  3. Бекбаулова Алуа (СҚО)
  4. Мадиева Айназ (Атырау облысы)
  5. Саматқызы Ақмаржан (Маңғыстау облысы)

ІІ орын – 30000тг

  1. Үргенішбаева Нұрлыайым (Қызылорда облысы)
  2. Калдыбек Дилназ (Алматы)
  3. Қожымұқанов Рамазан (Абай РММИ)

І орын – 50 000тг

  1. Болатбеков Бағжан (Алматы қаласы)
  2. Жанатова Асем (Павлодар облысы)

Бас жүлде – 70 000 тг

Наурзхан Шыңғыс (Абай РММИ

 

Меню