Жаңалықтар

Қазына құт кітаптар

Абай атындағы қара шаңырақ 60 жылдан астам тарихы бар, тамыры терең білім ордасы болғанымен, білім мен тәрбиеге толы жылдар бедерінен хабар беретін ақпараттар мұрағатта табылмайтын. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 2017 жылдан бері мектеп-интернатта атқарылған іс-шаралар мен тәрбиелік шаралар есебін, бір жыл көлемінде жиналған оқушылардың эссе, өлең, шығарма жинақтарын шығару дәстүрге айналды. Биылғы жылы да сол дәстүр жалғасын тапты. Атап айтар болсақ,
1. «Ұлағаттың ордасы, руханият жалғасы» атты мектеп-интернатта 2020-2021 оқу жылында атқарылған іс-шаралар есебі
2. «Тұғырлы Тәуелсіздіккке – 30 жыл» атты тәрбиелік шаралар есебінің жинақтары
3. Абай мектеп-интернаты оқушыларының «Балбұлақ» эсселер жинағы,
4. «Жауқазын жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.

Бұл игі дәстүр биыл республиканың әр түкпірінен ашылған Абай мектептері желісі үшін де қолға алынды. Оның дәлелі:
1. «Абай – ұлттың темірқазығы» атты 2020-2021 оқу жылында Абай мектептері желісімен атқарылған іс-шаралар есебінің жинағы;
2. «Мен – жаңашыл ұстазбын» атты педагогикалық идеялар жәрмеңкесі материалдары;
3. Абай мектептері үшін бейіндік пәндерге арналған мақалалар жинағы;
4. Абай мектептері желісі оқушыларының шығармашылықтарынан құралған «Уыз жырдың бұлағы» өлеңдер,
5. «Тәуелсіздікке тарту» эсселер
6. «Ел деп соқты жүрегім» шығармалар жинақтарының жарық көрді.

ІІІ Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының ашылу салтанатында бұл 10 жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Меню