Жаңалықтар

ЖАС МАМАН — ЖАҢАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

«Дарын» РҒПО өткізуімен 2-4 қараша аралығында Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының №46 орта мектеп базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 102 педагог қатысты.

Педагогикалық олипиада педагогикалық дебют, педагогикалық идея немесе “педагогикалық шеберлік қоймасы” атты екі кезең бойынша ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша Абай РММИ ұстаздары Әбділда Дәмір Мырзахметұлы сертификатпен, , Райханбекова Ботагөз Жақсыбекқызы, Тұрлыбай Айша Нұрболатқызы “Дарын” РҒПО грамотасы және сертификатымен марапатталды.

Іс-шараның салтанатты жабылу рәсімі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің мәжіліс залында өткізілді. «Дарын» РҒПО директоры Тимур Нұркешов, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген және ұйымдастырушылар аталған олипиаданың жас мұғалімдердің дарынды балаларды дамытуға арналған тәжірибе, идеялар, жобалармен алмасуына өзіндік диалог екенін атап өтіп, шығармашылық табыс тіледі.

Жас ұстаздарымызды марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық өрлеу, сәттілік тілейміз!

Меню