2021 жылдың 29-жұлдызы шырайлы Ақтөбе қаласы шығармашыл оқушыларды құшақ жая қарсы алды. Оған себеп оқушылар арасындағы VIII “Ақберен” өнер байқауы еді.




“Ақындар мүшәйрасы” номинациясы бойынша Қазыбек Жалғас, “Ұлттық аспапта өнер көрсетуден” Ахметкарим Ануар, “Көркемсөз оқу” номинациясы бойынша Әділғазиева Ақбота өнер көрсетіп, қалың көрерменді өз өнерлерімен тәнті етті.
Бұл тек бастамасы ғана. Олай болса, жеңісіңізбен құттықтаймыз, жас дос!

Ұлы кісіден бата алсаң, сонда олжалы жол болар.
Қадірлі адамдардың батасын алу – үлкен абырой. Қазақ халқы арасында кең таралған «пәленшеден бата алған» деген сөз – осының айғағы. Мәселен, М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Құнанбайдың баласы Абай үшін Ахмет Риза хазіреттен бата сұратқанын айтуға болады. Сол үрдісті күні кеше VIII “Ақберен” өнер байқауында 9-сынып оқушысы Қожмуханов Рамазан жалғастырды. Сайыс үстінде айтыскер ақын Аманжол Әлтайдан бата алған Рамазан бұл байқаудан қанжығасы майланып қайтты.
https://www.instagram.com/tv/CV3DFYFPl2I/?utm_source=ig_web_copy_link