Жаңалықтар

2021 жылдың 9 желтоқсанында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты V республикалық оқушылар айтысы өткізіледі

 Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларына, “Назарбаев Зияткерлік мектептері”ДББҰ, Республикалық білім беру ұйымдарына

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру шеңберінде және тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Асылтас» қоғамдық қоры мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп, ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Алматы қаласындағы аталған мектеп-интернатта жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты V республикалық оқушылар айтысын өткізеді.

Ережеге сәйкес (ереже www.abaimektep.kz сайтында) байқау 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық, республикалық.

Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 2-кезеңнің жеңімпазы болған 1 оқушы  қатысады.

Ескерту. Егер шын талантты айтыскер оқушы болса, әр Абай мектебінен
1 оқушы іріктеуден тыс республикалық кезеңге қатыса алады.

Қатысушылардың Алматы қаласына келу күні– 9 желтоқсан, таңғы сағат 08.00-ге дейін, қайту күні – 9 желтоқсан, сағат 18.00-ден кейін.

Қатысушылардың Алматы қаласына келуі мен қайтуы, тамағы, жататын орны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сұранысты ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін мына поштаға abairsshi@mail.ru жіберу қажет. Сұраныс Қосымша 1-де көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6-үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, байланыс телефондары: 8(727)3870846, сайт: www.abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 87021750404.

Меню