Жаңалықтар

«Менің педагогикалық әлемім» атты жас мамандар байқауы өтті

28.10.2021 күні ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы қарсаңында Абай атындағы РММИ ұйымдастыруымен Абай мектептері желісінің жас ұстаздарының арасында «Менің педагогикалық әлемім» атты байқау өтті. Байқауға Республика бойынша 13 жас маман қатысты. І кезеңде жас ұстаздар 15 минуттық онлайн панорамалық сабақ көрсетсе, екінші кезеңде әдістемелік және психологиялық жағдаяттық тапсырмаларға жауап берді. Сайыс барысында жас ұстаздардың өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі, креативтілігі көрінді. Екі кезең бойынша теориялық білімі мен педагогикалық шеберлігін қатар дәлелдей білген СҚО, Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолкенова Гульназ Бас жүлдеге ие болды. Байқауға қатысқан барлық жас мамандарды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, ұлы жолдағы қызметтеріне тек табыс тілейміз!

Облыс,

қала, аудан

Тегі,

аты, әкесінің аты

Қатысушының пәні Жұмыс орнының толық атауы Еңбек өтілі Қорытынды
1. Нұр-Сұлтан қаласы Рахимбаева Лаура Ерболқызы Қазақ тілі мен әдебиеті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гиназия” КММ

1 жыл,

1 ай

І орын
2. Алматы қаласы

Қалкөз Ақжұлдыз Жомартқызы

 

Қазақ тілі мен әдебиеті №104 жалпы білім беретін мектеп 1жыл ІІІ орын
3. Шымкент қаласы Бужбанова Меруерт Балтабаевна информатика №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы 2 жыл Алғыс хат
4. Алматы облысы Абуова Айдана Жүнісқызы Қазақ тілі мен әдебиеті Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты 3 жыл ІІІ орын
5. Батыс Қазақсан облысы Хадер Мақатай Ақболатұлы Қазақ тілі мен әдебиеті Батыс Қазақсан облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты КММ 1 жыл Алғыс хат
6. Қызылорда облысы Махамбетова Әсел Бөлебайқызы Ағылшын тілі Абай атындағы үштілде оқытатындарынды балаларға арналғанмамандандырылған сыныптары бар мектеп 3 жыл Алғыс хат
7. Жамбыл облысы, Тараз қаласы. Амангелді Қуаныш Ернарұлы Ағылшын Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп интернаты 1 жыл 2 ай ІІ орын
8. ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы Еркінұлы Қуаныш Қазақ тілі мен әдебиеті Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернат гимназия ІІІ орын
9. Ақмола облысы Муратов Максат Болатович Қазақ әдебиеті Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты 1 жыл ІІ орын
10. СҚО, Петропавл қаласы Жолкенова Гульназ Мусаевна Қазақ тілі мен әдебиеті Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп – гимназиясы 1 ай Бас жүлде
11. Атырау облысы, Исатай ауданы Мақсотова Ақтыныс Қайратқызы Қазақ тілі мен әдебиеті “Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты” КММ 10 ай Алғыс хат
12. Қарағанды облысы Тезекбаев Асылбек Қабиұлы Математика «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернат 2 ай ІІІ орын
13. Абай атындағы РММИ Бекжан Ақдидар Омарқызы Қазақ тілі мен әдебиеті Абай атындағы РММИ 2 ай ІІ орын

Меню