Жаңалықтар

ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы 25-26 қараша күндері Алматы қаласындағы Абай атындағы РММИ-де жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында (қазақ сыныптары арасында) өткізіледі.

Облыстық, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларына, ДББҰ “Назарбаев Зияткерлік мектептері”, Республикалық білім беру ұйымдарына, Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарына, Абай мектептері желісіне

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» мен Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бірлесіп, ағымдағы жылдың 25-26 қараша күндері Алматы қаласындағы аталған орта мектеп-интернатта жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында (қазақ сыныптары арасында) ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауын өткізеді.

Ережеге сәйкес (ереже www.abaimektep.kz сайтында) байқау 3 кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық, республикалық және 4 кезеңнің  тапсырмалары бойынша өткізіледі:

І кезең (8 минут)

Қатысушы сұрақ түрінде берілген тақырыптың қай бағытын (иә, жоқ, т,б) қорғауды сайыс кезінде жеребе арқылы анықтайды. Әр қатысушыға берілетін уақыт 4 минут. Бұл кезеңде тақырыпты нақты мәлімет, дәйекті дерек, мағыналы мысалдармен жан-жақты ашуы керек. Көркем тіркес, шешендік сөз, мақал-мәтел, нақыл сөздер қолдану деңгейі міндетті түрде ескеріледі.

ІІ кезең (5 минут)

Екі қатысушы тақырып аясында бір-біріне кемінде екі нақты әрі ұтымды, өзекті сауал қоюы шарт. Сұрақтың тақырыпқа сай келуі мен өзектілігі, оған берілетін жауаптың қысқа, нақты әрі дәл болуы бағалаудың басты шарты ретінде қарастырылады. Егер мүлдем сұрақ қоймаса, қойылған сұрағы тақырыпқа сай келемесе баға берілмейді. Сұраққа берілген жауаптың дәлдігі мен тапқырлыққа да баға қойылады.

ІІІ кезең (6 минут)

Әр екі қатысушы 1-кезеңдегі ұстанымына қарсы бағытта пікір айтып, ой қозғап, тақырыпты қорытындылап ұсыныс білдіреді. Сол арқылы қатысушының жалпы тақырыптың екі жағын қаншалықты терең әрі жан-жақты білетіні белгілі болады.

ІV кезең – қорытынды кезең (6 минут)

Көрерменнің, тыңдарманның, сарапшылардың, сыншы сырт көздің қатысушыларға сұрақ қоюы. Егер тыңдарман, көрермен тарапынан тақырыпқа сай келмейтін сұрақ қойылса – қабылданбайды. Сұраққа сайысқа қатысушының ұтымды жауап беруі бағаланады.

Байқауға еліміздің облыстары, РББҰ мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан  оқушылар  шақырылады. Республикалық кезеңге әр облыс пен қаланың атынан 1, 2-кезеңдерде жеңімпаз болған  1 оқушы  қатысады. Әр өңірден ашылған Абай мектептері желісінен  1 оқушыдан қатыса алады.

Қатысушылардың Алматы қаласына келу күні – 24 қараша, таңғы сағат 08:00-ге дейін, қайту күні – 26 қараша, сағат 18:00-де (түрлі жағдайларға байланысты уақыт өзгерісі болса, алдын-ала хабарланады).

Қатысушылардың Алматы қаласына келуі мен қайтуы, тамағы, жататын орны жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сұранысты және 2-кезеңнің өткендігін растайтын хаттаманы (әр облыстан 1 оқушы мен 1 жетекші) ағымдағы жылдың 13 қарашасына дейін мына поштаға abairsshi@mail.ru   жіберу қажет. Хаттама Қосымша 1-де көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс.

Қосымша: республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының іріктеуіне ұсынылатын хаттама үлгісі, шешендік сайысқа қатысу шарттары мен талаптары

Сұраныс төменде көрсетілген үлгіде жіберілуі тиіс: (мәліметтер құжат бойынша толтырылуы тиіс)

 

Оқушының аты-жөні Сыныбы Мектебі Облысы, қаласы, ауданы Жетекші-мұғалімнің аты-жөні, жұмыс орны Ұялы телефоны Келу-қайту кестесі (автобус, поезд, вагон №, уақыты) Қонақ үй қажеттілігі
1

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Митин көш, 6 үй, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, тел: 8(727)3870846, сайт: www.abaimektep.kz, эл.почта: abairsshi@mail.ru. Мұсабекова Іңкәр Құрбанәліқызы – 87021750404.

Қосымша сұрақтар бойынша: Абитова Жанар Сабетханқызы – 87029063006.

Меню