Жаңалықтар

«Өмір бойы білім беру» тақырыбындағы  республикалық онлайн дөңгелек үстел

Жаңа оқу жылының қарбалас еңбекке  толы екінші айында Абай мектептері желісімен «Өмір бойы білім беру» тақырыбында  республикалық онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 14 қазанда өткен дөңгелек үстелге ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы қатысып, әр облыстан ашылған Абай мектептері алдағы уақытта аудандардан да ашылып, желілік Абай мектептерін көбейтіп, ана тілі мен әдебиетін сүйетін, туған жерінің тарихын білетін ұрпақ қалыптастырса деген ниетін білдірді. Ары қарай Абай атындағы РММИ директоры м.а. Р.Е.Сексенова Абай мектептері желісімен 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың есебін беріп, 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарымен таныстырды. “Педагогтердің кәсіби даму идеялары” тақырыбында НЗМ ПШО тренері Ибрагимов Ділдахан Қыраубекұлы баяндама оқып, ұстаздармен онлайн тренинг жүргізді. Дөңгел үстелде мектептерден келіп түскен сұрақтарға ғалымдар, шебер-педагог ұстаздар жауап беріп, оқу мен оқытуда кездескен қиындықтарды талқылады.

«Өмір бойы білім беру» тақырыбында Абай мектептері желісімен өтетін республикалық дөңгелек үстел бағдарламасы

       Мерзімі:14.10.2021ж.       Идентификатор: 871 1482 1330       Код: 123

Уақыты Тақырыбы Жауапты
10.00-10.10 Алғысөз

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы

Кәрімова Гүлмира Раинбекқызы

10.10-10.30 Абай мектептері желісімен 2020-2021 оқу жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру, 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарымен таныстыру

Абай РММИ директоры м.а.

Сексенова Роза Ербозымқызы

10.30-11.30 Педагогтердің кәсіби даму идеялары

НЗМ ПШО тренері

Ибрагимов Ділдахан Қыраубекұлы

11.30-12.30 Абай мектептері желісінің 5-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы тереңдетілген «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының негізгі тұжырымдамасы Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылым­дарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы
12.30-14.00 Түскі үзіліс
14.00-15.00 Абай мектептері желісінің 5-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы тереңдетілген «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының негізгі қағидалары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы
15.00-16.00 Абай мектептері желісінің 5-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы тереңдетілген «Абайтану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы негізгі қағидалары Сүлеймен Демирель атындағы университет профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұмақаева Береке Даулетхановна
16.00-16.30 Абай мектептері желісінің мұғалімдерінен келген сұрақ, ұсыныс, пікірлерді талдау, талқылау. Абай РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, шебер педагогтер
Махамбетова Г.Ж., Абитова Ж.С., Орынбаева Д.Г.

 

Меню