Жаңалықтар

«Қазақ тілі ұлттық болмыс негізі» атты қазақ тілі айлығының қорытындысы

Әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы негізгі діңгек – ана тілі. Ана тілінің өмірі қаншалықты ұзақ болса ұлттың да сақталуы соншалықты ұзақ болады. Тілдің ұзақ жасауы жастардың қазақ тіліне деген құрметіне байланысты. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оны келешек ұрпаққа аманаттау біздің парызымыз. Осы мақсатта Абай атындағы РММИ ұйымдсатыруымен Абай желілік мектептері арасында 06.09 -06.10. 2021 аралығында «Қазақ тілі ұлттық болмыс негізі» атты қазақ тілі айлығы ұйымдастырылды. Қазақ тілі айлығы барысында оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, сөйлеу мәдениетін, ділмарлығы қалыптасуына түрткі болған айтулы, мазмұны терең іс-шаралар өтті. Бір ай көлемінде өңірлердегі әр мектеппен тығыз байланыс орната отырып, түрлі бағыттарда 36 ауқымды мазмұнды жұмыстардың нәтижесімен таныса отырып, айлық жоғары дәрежеде өткізілді деп есептейміз.
Әртүрлі сайыстарда бақ сынап жүлделі орын алған шәкірттерді құттықтаймыз. Оларды дайындаған жетекшілеріне де ризашылығымызды білдіреміз. Шараға ат салысқан барша Абай желілік мектептеріне алғысымызды айтамыз. Қазақ тілінің айбыны асқақтай берсін!
Меню