Жаңалықтар

Онлайн “Соңғы қоңырау”

Биыл біздің мектеп-интернатта “Соңғы қоңырау” салтанатты іс-шарасы онлайн форматта өтті. Алматы қаласының және басқа аймақтардың қызыл аймаққа кіруіне байланысты 1 сәуір күні мектеп-интернат оқушыларының барлығы оқуларын қашықтық форматта жалғастыруға көшті. Осылайша мектеп түлектері мектептегі соңғы қоңырау үнін онлайн естіді. Барлық оқушылар, ұстаздар зум платформасына қосылып, арнайы дайындалған видеоны көрді. Видеода 2020-2021 оқу жылы бойы атқарылған іс-шараларға талдау жасалып, олимпиада, түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз болған оқушылар, мектеп түлектері көрсетілді. Жас түлектерге мектеп-интернат директоры Р.Е.Сексенова, ата-аналар комитетінің төрағасы З.Еденбаева, Қамқоршылық кеңес мүшесі, мектеп-интернат түлегі, меценат Д.Тастекеев, әнші Т.Серіков ізгі тілектерін арнады.

Меню