Жаңалықтар

Ұлттық құндылық – ұрпаққа өнеге

22 ақпан – 20 наурыз аралығында тәрбиешілер бірлестігінің “Ұлттық құндылық – ұрпаққа өнеге” атты айлығы 1 ай бойы 17 сыныпта қашықтан өткізіледі.

Айлықтың ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылар өз шығармашылықтарынан арнауларын оқып, ән айтып, мәнерлеп өлең оқыды, өнерлерін көрсетті. Барша тәрбиешілер мен оқушыларға сәттілік тілейміз!

1.”Ұлттық құндылық-ұрпаққа өнеге” атты тәрбиешілер бірлестігінің аясында, 8 *”А”* сынып оқушыларының “Ертегі айта білеміз бе?” атты онлайн тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбиелік шарада ертегі ұғымы жайлы мәліметтер беріліп, оқушылар мәнерлеп өлеңдер оқыды, ертегі кейіпкерлерін дыбыстады. Талантты шәкірттеріміз күй тартып,пианино ойнап, әсем әнмен шашу шашты. Тақырып жан-жақты ашылып, онлайн тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.Возможно, это изображение в мультипликационном стиле (11 человек) Возможно, это изображение (7 человек, экран и текст)

 

Меню