Жаңалықтар

“МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ” республикалық байқауының жеңімпаздары

Тарих пәні бойынша өткен “МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ” республикалық байқаудан 10-сынып оқушысы Байназаров Рамадан 2-орынмен (жетекшісі: Айдарбекова Ж.Ш.), 10-сынып оқушысы Қуанышова Жангүл (жетекшісі: Мурабілдаева Ж.О), 9-сынып оқушысы Тоқтарбай Кербез (жетекшісі Байсымакова М.) Грамотамен марапатталды.
Жас тарихшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
10-сынып оқушысы Байназаров Рамадан “Менің кіші Отаным” байқауына өз көзқарасы мен ұстанымына сүйене “Абай мектептерінің” макетін жасап, ұсынды. Қашықтан оқуды ескерген Рамадан жобасының макетін SketchUp 3D модельдеу бағдарламасы арқылы жасады.
P.S. Болашақта “Абай мектептері” Рамадан ұсынған үлгіде салынып қалуы да ғажап емес. Армандар орындалады. Арманымызды жүзеге асыра білейік!
Меню