Жаңалықтар

Ата-аналарға арналған қашықтықтан оқыту кезеңіне уақытты басқару бойынша нұсқаулық.

  1. Отбасылық жағдайыңызға қарай баланы оқу орнымен қамтамасыз етіңіз.

       2. Балаңыздың күнделікті бір уақытта сабақ оқуын бақылаңыз, ол үшін күн тәртібін жасап, оны көрінетін жерге іліп қою ұсынылады.    Балаңызға өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі ұйымдастыруды үйретіңіз.

  1. Егер сіздің балаңыз қандай да бір тапсырманы орындай алмаса, мұғалімнің рөлін атқаруға тырыспаңыз, міндетті түрде сынып жетекшісінің немесе пән мұғалімінің көмегіне жүгініңіз.
  2. Баланы күні бойы сабақ оқуға мәжбүрлемеңіз, мүмкіндігіне қарай сабақ оқу және тынығу уақытын бақылаңыз, себебі бала бір істен басқа іске ауыса білуі тиіс.
  3. Сынып жетекшісімен тығыз байланыста болыңыз, қашықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде туындайтын қиындықтар туралы хабарлаңыз.
  4. Әр баланың жеке тұлға екенін естен шығармаңыз, демек оған қиын тапсырмалар жүктемеңіз және барлық тапсырманы мүлтіксіз орындауды талап етпеңіз.
  5. Жайлы орта құруға тырысыңыз, жанжалды жағдайдан аулақ болыңыз.

Дереккөзі: Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының ресми сайты

Меню