Жаңалықтар

Желілік “Абай мектептерінің” 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ___ жылғы «___»___________

№ ___бұйрығына __қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31 » қазандағы

№   604  бұйрығына   -қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы «27» шілдедегі № 352 бұйрығына 177-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 60-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).
  2. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерін дамыту, коммуникативті құзыреттіліктерін жетілдіру, өздігінен және үздіксіз білім алуға жұмылдыру, алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетінің қысқаша курсы арқылы әдебиет пәнін тереңдете оқыту, сөз өнері арқылы дүниетанымын кеңейту, ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру көзделеді.
  3. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интелектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Қазақ әдебиеті пәні арқылы қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастырып, білімгерді өз ой-пайымдарын сөйлеу тілі мен жазба тілде еркін жеткізе алу, эстетикалық талғамын, өзіндік дүниетаным мен  көзқарасын таныта алу, оқу материалдарын салыстыру, сараптау, бағалай алу дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлауға бағыттау мақсаты көзделеді.

Әдеби және теориялық материалдар оқушының әдеби білім мен дүниетанымын кеңейтуге және адамзатқа ортақ ойларды, дилеммаларды, мінездерді зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын және көркем тілмен шұрайлы сөйлей алатын, өзіндік ұстанымы бар, туындаған мәселелерді шеше білетін өмірге бейім ұрпақ тәрбиелейді.

Білім алушылар әдеби жанрларға интерпретация жасау арқылы шығармашылыққа машықтанады.

  1. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман танымы қарастырылып, сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді.
  2. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

1) көркем шығарманың тақырыптық-идеялық бірлігін, поэтикалық тілін,  сюжеттік-композициялық құрылым жүйесін, образдық, типтік байланысты ұғынып, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін көркем шығарма мазмұны мен құрылысындағы  көркем заңдылықтарды терең танып, көркем шындық пен әдеби шешім, мазмұн мен форма тұтастығын талдап тану;

2) төл әдебиеттің ұлттық сипатын, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, көркем туындының идеялық өзегін түсіну;

3) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, дәстүр сабақтастығын ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын білу, бағалай алу;

4) қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, ұлттық кодты тану, түрлі ұлттар әдебиетіндегі көрнекті үлгілерімен салыстыра отырып, ұқсастықтары мен даралық қасиеттерін ажырата алу;

5) білімгердің заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын қалыптастыру;

6) білімгердің сыни пайымы мен шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдебиеттің өзекті мәселелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағыттау.

2-тарау. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

  1. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
  • 10-сынып – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;
  • 11-сынып – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды.

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).

  1. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: оқу және түсіну, талдау және жинақтау, бағалау және шығармашылық өнім, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
  2. «Оқу және түсіну» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
  • көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қолданысын түсіну;
  • шығарма үзінділерімен жұмыс;
  • шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн;
  • көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі;
  • (ауызша, жазбаша).интерпретация
  1. «Талдау және жинақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) әдеби шығарманың композициялық құрылымы;

2) көркем шығарманың образдар жүйесі, типтік характер;

3) көркем шығарманың тілі, стилі;

4) көркемдік тәсілдер;

5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар;

  1. 10. «Бағалау және шығармашылық өнім» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
  • тарихи шындық және көркемдік шешім;
  • көркемдік құндылығы;
  • әдеби эссе;
  • әдеби сын.
  1. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) оқу және түсіну: шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу; жекелеген нысандардың (деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну; әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; көркем шығарманы өзге жанрда ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау.

2) талдау және жинақтау: әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау; шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау; әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту.

3) бағалау және шығармашылық өнім: шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық  және тарихи құндылығын бағалау; шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру; шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу.

  1. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

ХІХ ғасыр әдебиеті

1) Сал-серілер поэзиясы;

2) Біржан сал Қожағұлұлының «Ләйлім шырақ», «Жанбота» ән-өлеңдері;

3) Ақан сері Қорамсаұлының «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Құлагер», «Қараторғай» ән-өлеңдері;

4) Әнші ақындар шығармашылығы: Әсет, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Балуан шолақ, Шашубай, Иман Жүсіп.

ХХ ғ. басындағы әдебиет

5) Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы;

6) А.Байтұрсынұлының «Жиған-терген», «Маса» өлеңдері;

7) М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы;

8) Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы;

9) С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» поэмасы, «Таныстыру» өлеңі;

10) М.Жұмабаевтың «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары;

11) Ж. Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі»;

1920-1940 жылдардағы әдебиет

12) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы;

13) Б.Майлиннің «Майдан» пьесасы;

14) І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы;

15) М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы;

16) С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы.

1950-1960 жылдардағы әдебиет

17) Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы;

18) Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы;

19) Қ.Бекхожиннің «Батыр Науан» поэмасы;

20) М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесі;

21) Ж Молдағалиевтің «Қыран дала» поэмасы;

22) Д.Әбіловтің «Ақын арманы» романы;

  1. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) оқу және түсіну: шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік, символдың қызметін түсіну; көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс; көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну; әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген  әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну; көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін  сақтай отырып өзге нысанда  (киносценарий, инсцинировка т.б.) интерпретациялау.

2) талдау және жинақтау: әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату; көркем шығармадағы  кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау; қаламгердің даралық стилін талдау ( шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін талдау); шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау; қазақ әдебиеті мен  әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау.

3) бағалау және шығармашылық өнім: шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және  тарихи құндылығын бағалау; шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру; көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу.

  1. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:

1960-1980 жылдардағы әдебиет

1) І.Есенберлиннің «Қаһар» романы;

2) Ж.Нәжімеденовтің «Келін» поэмасы;

3) Ә.Нұршайықовтың  «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі;

4) Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романы;

5) Ә.Кекілбаев «Үркер» романы;

6) Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы.

1990 жылдардағы қазақ әдебиеті

7) Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы;

8) Қ.Мырза-Әлінің «Қызыл кітап» поэмасы;

9) С.Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» романы;

10) М.Мағауиннің «Шақан-шері» романы;

11) Ш. Құсайыновтың «Томирис» драмасы;

Тәуелсіздік жылдардағы әдебиет;

12) Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы;

13) Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы;

14) О.Бөкейдің «Атау кере» повесі;

15) Ұ. Есдәулетовтің «Натюрморд» поэмасы;

16) Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» драмасы;

ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті

17) Қазіргі қазақ лирикасы;

18) Поэмадағы көркемдік ізденістер;

19) Жаңа ғасыр романы;

20) Повестегі дәстүр және жаңашылдық;

21) Қазақ әңгімесінің көркемдік көкжиегі;

22) Драматургияның жаңа өрісі;

23) Әдебиеттану және сын.

 

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі

 

  1. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.
  2. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген.

1) оқу және түсіну:

Білім алушылар:
  10-сынып 11-сынып
Көркем шығармадағы поэтикалық қолданыстардың мәнін ашу, мәтіндегі қолданысын түсіну 10.1.1.1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу 11.1.1.1 шығарма мәтініндегі жекелеген сөздердің концептілік, символдық қызметін  түсіну
Шығарма үзінділерімен жұмыс 10.1.2.1-  жекелеген нысандардың (деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну 11.1.2.1 көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс
Шығармадағы өзекті мәселе, идеялық мазмұн 10.1.3.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну 11.1.3.1 көркем шығармадағы образдар мен  мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну
Көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігі 10.1.4.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну 11.1.4.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну
Интерпретация (ауызша, жазбаша) 10.1.5.1 көркем шығарманы өзге жанрда ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау 11.1.5.1 көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін  сақтай отырып өзге нысанда (киносценарий, инсцинировка т.б.) интерпретациялау

 

2) талдау және жинақтау:

 

Білім алушылар:
  10-сынып 11-сынып

Әдеби шығарманың композициялық құрылымы

 

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын  уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау 11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату
Көркем шығарманың образдар жүйесі, типтік характер 10.2.2.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау 11.2.2.1 көркем шығармадағы  кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау
Көркем шығарманың тілі, стилі; 10.2.3.1 шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау 11.2.3.1 қаламгердің даралық стилін талдау ( шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін талдау)
Көркемдік тәсілдер 10.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау 11.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау
Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар 10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін  талдап, өзіндік ой қорыту 11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен  әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

 

  • бағалау және шығармашылық өнім:

 

Білім алушылар:
  10-сынып 11-сынып
Тарихи шындық және көркемдік шешім 10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туынды үлгілерімен салыстырып, ұлттық  және тарихи құндылығын бағалау 11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және  тарихи құндылығын бағалау
Көркемдік құндылығы 10.3.2.1 шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру 11.3.2.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру

Әдеби эссе

 

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби хат, лирикалық эссе, миниатюра   жазу 11.3.3.1 көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық,   рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу
Әдеби сын 10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу
  1. Осы оқу бағдарламасы қосымшада берілген жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

 

Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ  тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің»  10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің»  10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

10-сынып:

Бөлім Оқытылатын шығармалар Сөйлеу қызметінің түрлері Оқыту мақсаттары
1-тоқсан
«Құлақ-тан кіріп бойды алар»

ХІХ ғасыр әдебиет

Сал-серілер поэзиясы

Біржан сал Қожағұлұлының «Ләйлім шырақ», «Жанбота» өлеңдері,

Ақан сері Қорамсаұлының «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Құлагер», «Қараторғай» ән- өлеңдері,

Әнші ақындар шығармашылығы

(Әсет, Жаяу Мұса,

Мұхит, Мәди, Үкілі Ыбырай, Естай, Балуан шолақ, Шашубай, Иман Жүсіп)

оқу және түсіну

10.1.1.1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу

10.1.2.1 жекеленген нысандардың(деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну.                                                                10.1.3.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну;

10.1.4.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.5.1 көркем шығарманы өзге жанрда  ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау.

талдау және жинақтау

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын

уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

10.2.3.1 шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау;

10.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау;

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін  талдап, өзіндік ой қорыту

бағалау  және шығарма

шылық өнім

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;

10.3.2.1 шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби (хат, лирикалық эссе, миниатюра) жазу;

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу

2-тоқсан

 

Тарихтың

шертіп пернесін

ХХ ғ. басындағы әдебиет

Ш.Құдайбердіұлы ның «Қалқаман – Мамыр» поэмасы,

А.Байтұрсынұлы

ның «Жиған- терген», «Маса» мысал өлеңдері,

М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы,

Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы,

С.Торайғыровтың  «Кім жазықты?» поэмасы,

«Таныстыру» поэмасы,

М.Жұмабаевтың

«Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» поэмалары,                   Ж. Жабаев «Зілді бұйрық» өлеңі

 

 

оқу және түсіну

10.1.1.1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу

10.1.2.1 жекеленген нысандардың(деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну.                                                                10.1.3.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну;

10.1.4.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.5.1 көркем шығарманы өзге жанрда  ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау.

талдау және жинақтау

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

10.2.2.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.2.3.1 шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау;

10.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау;

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін  талдап, өзіндік ой қорыту

бағалау және шығарма

шылық өнім

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық  және тарихи құндылығын бағалау;

10.3.2.1 шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби (хат, лирикалық эссе, миниатюра) жазу;

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу

3-тоқсан
Әдебиет-тің алтын ғасыры

1920-1940 жылдардағы әдебиет

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы,

Б.Майлиннің  «Майдан» пьесасы,

І.Жансүгіровтің  «Құлагер» поэмасы,

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы,

С.Мұқановтың

«Сұлушаш» поэмасы

оқу және түсіну

10.1.1.1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу

10.1.2.1 жекеленген нысандардың(деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну.                                                                10.1.3.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну;

10.1.4.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.5.1 көркем шығарманы өзге жанрда  ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау.

талдау және жинақтау

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

10.2.2.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.2.3.1 шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау;

10.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау;

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін  талдап, өзіндік ой қорыту

бағалау  және шығарма

шылық өнім

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық  және тарихи құндылығын бағалау;

10.3.2.1 шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби (хат, лирикалық эссе ) жазу;

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу.

4-тоқсан

 

Заман, дәуір тұлғасы

1950-1960 жылдардағы әдебиет

Ғ.Мүсіреповтің

«Ұлпан» романы,

Қ.Аманжоловтың

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы,

Қ.Бекхожиннің

«Батыр Науан»  поэмасы,

М. Иманжановтың

«Алғашқы айлар» повесі,

Ж.Молдағалиевтың

«Қыран дала» поэмасы,

Д.Әбіловтің  «Ақын арманы» романы.

 

оқу және түсіну

10.1.1.1 көркем шығармадағы поэтикалық тілдің ерекшелігін білу

10.1.2.1 жекеленген нысандардың(деталь, портрет, монолог т.б.) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіну.                                                                10.1.3.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын түсіну;

10.1.4.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық  құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

10.1.5.1 көркем шығарманы өзге жанрда  ауызша/жазбаша интерпретациялап, шығарманың идеялық мазмұнын заманауи көзқарастармен кіріктіре отырып ой толғау.

талдау және жинақтау

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

10.2.2.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.2.3.1 шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын ашуда қаламгер қолданған тіл ерекшелігі: лексикалық, фразеологиялық, стилистикалық талдау;

10.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге талдау (троп пен фигура түрлері) авторлық пафос, идеалды айқындау,

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін  талдап, өзіндік ой қорыту.

бағалау  және шығарма шылық өнім

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, ұлттық және тарихи құндылығын бағалау;

10.3.2.1 шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығына баға беру;

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби (хат, лирикалық эссе ) жазу;

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын (рецензия) жазу.

 

11-сынып:

 

Бөлім Оқытылатын шығармалар Сөйлеу қызметінің түрлері Оқыту мақсаттары
1-тоқсан

 

Прозада-ғы көркем ой

1960-1980 жылдардағы әдебиет

І.Есенберлиннің

«Қаһар» романы,

Ж.Нәжімеденов тің «Келін» поэмасы,

Ә.Нұршайықов тың

«Ақиқат пен аңыз» роман- диалогі,

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романы, Ә.Кекілбаевтың

«Үркер» романы, Т.Ахтановтың

«Шырағың сөнбесін» романы,

 

 

 

 

 

оқу және түсіну

11.1.1.1 шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік мәнін  түсіну;

11.1.2.1 көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс;

1.1.3.1 көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну;

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну;

11.1.4.1 көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін  сақтай отырып өзге нысанда киносценарий, инсцинировка т.б.) интрепретациялау

талдау және жинақтау

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату;

11.2.2.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау;

11.2.3.1 қаламгердің даралық стилін  (шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін) талдау;

11.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау,

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

Бағалау  және шығармашы лық өнім

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және  тарихи құндылығын бағалау;

11.3.2.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру;

11.3.3.1 көркем шығарманың гуманистік, жалпыадамзаттық, рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе жазу;

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу

2-тоқсан

 

Пайым мен парасат

1990 жылдардағы қазақ әдебиеті

Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы парыз» романы,

Қ.Мырза- Әлінің

«Қызыл кітап» поэмасы,

М.Мағауиннің  «Шақан-шері» романы,

С.Жүнісовтің  «Аманай мен Заманай» романы,

Ш. Құсайыновтың   «Томирис» драмасы

 

Оқу және түсіну

11.1.1.1 шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік мәнін  түсіну;

11.1.2.1 көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс;

1.1.3.1 көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну;

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну;

11.1.4.1 көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін  сақтай отырып өзге нысанда киносценарий, инсцинировка т.б.) интрепретациялау

Талдау және жинақтау

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату;

11.2.2.1 көркем шығармадағы  кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау;

11.2.3.1 қаламгердің даралық стилін (шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін )талдау;

11.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау;

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен  әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

Бағалау және шығармашы лық өнім

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және  тарихи құндылығын бағалау;

11.3.2.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру;

11.3.3.1 көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық,   рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе (миниатюра) жазу;

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу

3-тоқсан

 

 

Шындық

және шығарма

Тәуелсіздік тұсындағы әдебиет

Б.Мұқайдың  «Өмірзая» романы,

Қ.Жұмаділовтің  «Тағдыр» романы,

О.Бөкейдің «Атау кере» повесі,

Ұ.Есдәулеттің  «Натюрморд» поэмасы,

Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» пьесасы

 

 

 

 

 

 

 

оқу және түсіну

11.1.1.1 шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік мәнін  түсіну;

11.1.2.1 көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс;

1.1.3.1 көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну;

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген әлеуметтік, гуманистік, заманауи мәселелерді терең түсіну;

11.1.4.1 көркем шығарманың сюжеті мен идеялық концептісін  сақтай отырып өзге нысанда киносценарий, инсцинировка т.б.) интрепретациялау

талдау және жинақтау

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату;

11.2.2.1 көркем шығармадағы  кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау;

11.2.3.1 қаламгердің даралық стилін (шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін) талдау;

11.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау;

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

Бағалау  және шығармашы лық өнім

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және  тарихи құндылығын бағалау;

11.3.2.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру;

11.3.3.1 көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық,   рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе (миниатюра) жазу;

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу

4-тоқсан

 

 

Көркем әдебиет және әдеби сын

 

 

ХХІ ғасырдағы қазақ  әдебиеті

Қазіргі қазақ лирикасы,

Поэмадағы көркемдік ізденістер,

Жаңа ғасыр романы,

Повестегі дәстүр және жаңашылдық,

Қазақ әңгімесінің көркемдік көкжиегі,

Драматургияның  жаңа өрісі,

Әдебиеттану және сын

 

оқу және түсіну

11.1.1.1 шығарма мәтініндегі жекелеген сөздердің концептілік мәнін түсіну

11.1.2.1 көркем шығарманың құрамды бірліктерімен шығармашылық жұмыс;

11.1.3.1 көркем шығармадағы образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын түсіну;

11.1.5.1 көркем шығармаманың сюжеті мен идеялық концептісін  сақтай отырып өзге нысанда  (киносценарий, инсцинировка т.б.) интрепретациялау

Талдау және жинақтау

11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау, баяндау композициясын ажырату;

11.2.2.1 көркем шығармадағы  кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, авторлық ұстанымды айқындау;

11.2.3.1 қаламгердің даралық стилін (шығарма тілінің лексика, синтаксистік құрылымындағы ерекшеліктерін) талдау;

11.2.4.1 шығармадағы көркемдік тәсілдерге (троп пен фигура түрлеріне) талдау, көркем деталь, авторлық пафос, идеалды айқындау;

11.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау, талдау жасау

Бағалау және шығармашы лық өнім

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, ұлттық және  тарихи құндылығын бағалау;

11.3.2.1 шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап баға беру;

11.3.3.1 көркем шығарманың гуманистік, жалпы адамзаттық,   рухани құндылығына баға бере отырып объективті, субъективті эссе (миниатюра) жазу;

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын, мақала жазу

 

“Қазақ әдебиеті” пәні  бағдарламасының авторлары:

 1. Жұмақаева Береке Даулетхановна – Сүлеймен Демирель атындағы университеті профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты (мамандығы: 13.00.02-оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі), 2017 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері, тел.77018012406, e-mail: zhumakaeyeva@sdu.edu.kz; d.bereke2009@ mail.ru

2. Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жаңартылған бағдарлама бойынша 8, 10, 11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығының «Мектеп» баспасындағы жетекші  авторы, тел. +7 702 436 77 45, e-mail: Orda_68@mail.ru.

3. Оспан Динаш Бектенқызы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “Шебер педагог”, тел.87015860111, e-mail: ospan1960@mail.ru

4. Нурлыбекова Калима Каппасқызы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жоғарғы санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “Шебер педагог”, тел. +7747 957 4701, e-mail: kalima.kappasovna@mail.ru.

5. Тілеуберді Қизат – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Шебер-педагог», гуманитарлық ғылымдар магистрі, тел. +77075032453, e-mail: kizat_tileuberdi@mail.ru

6. Орынбаева Динара Ғабитқызы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Шебер педагог», гуманитарлық ғылымдар магистрі, PhD, «Үздік педагог – 2019», тел.+77028435334, e-mail: diyori_93@mail.ru

 

Меню