Жаңалықтар

Республика деңгейінде мұғалімдерге арнап өткізілген семинарлар

21 қаңтар күні «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» атты тақырыпта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған Республикалық семинар болып өтті. Семинар барысында Құлжашпай Ардақ Айдарқызы 8«А» сыныбымен «Шын дос болу – бақыт», Жексенова Самал Еркінқызы 8«Б» сыныбымен «Елім менің», Шаймарданова Дана 10«Б» сыныбымен «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізді. Ал Құдайбергенова Алима 10«А» сыныбымен «Жырларым бар сыр тұнған әр жүректе» атты шығармашылық кешімен семинарды қорытындыланды.

18-19 наурыз күндері мектеп-интернат қабырғасында «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында мұғалімдерге арналғанреспубликалық коучинг өткізілді. Қазақстанның әр аймағынан келген мектеп мұғалімдеріне арнап қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Абитова Жанар, Орынбаева Динара, тарих пәнінің мұғалімі Мұрабілдаева Жаңылды, алгебра пәнінің мұғалімі Мұстафа Ақмарал коучингтер өткізді. Коучинг барысында ұстаздар жаңартылған мазмұнда білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

22-23 қараша күндері ҚР БҒМ және “Дарын” РҒПО ұйымдастыруымен “Дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау” тақырыбында мектеп-интернат қабырғасында республикалық семинар ұйымдастырылды. 14 облыс, 3 қала бойынша 75 қатысушы қатысқан семинардың сөз тізгінін Шолпан Акашевна Қирабаева ашты. Семинар барысында екі күн көлемінде семинар-кеңес, психологтардың дәрістері мен мастер-класы өткізілді.

Маусым айының алғашқы аптасында ПШО тренері Ибрагимов Ділдахан Құралбекұлы мектеп-интернат ұстаздарына арнап жоспарлауда оқу мен сабақ мақсаттарының бірізділігі және саралау жолдары туралы тренинг сабақ өтіп, ұстаздаздар жаңартылған білім мазмұны жайлы білімдерін тағы бір рет жаңғырта түсті.

2020 жылдың 22-қаңтар күні оқушылар білім сайысына қатысып жатқанда мектебіміздің ұстаздары, “Үздік педагог-2019”  республикалық байқауының жеңімпаздары  – Абитова Жанар және Орынбаева Динара 14 облыс, 3 қала, Республикалық білім беру ұйымдарынан келген  қатысушылардың жетекшілеріне “Абай шығармалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру” атты  коучинг-семинар өткізді. Және арнайы сертификат берілді.

Сонымен қатар  НЗМ эксперт-мұғалімі  Н.У. Нұрғалиев  жаңартылған бағдарлама аясында “Формативті бағалау” тақырыбында квест-семинар өткізді.

Меню