Жаңалықтар

Психологиялық жұмыстар

Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау.

   Психодиагностикалық жұмыс бағыты:

   Мақсаты: Оқушыларға оқу мен тәлім-тәрбие беру үрдісінде психологиялық және педагогикалық тұрғыдан үздіксіз зерттеу жүргізу.

Диагностикалық қызмет жеке жұмыс ретінде (когнитивтік қабілеттерін дамытуды талдау, жеке даму проблемаларын талдау, түзетуді дамыту жөніндегі топтарды одан әрі қалыптастыру мақсатында өткізілді) және жекелеген концультациялар ретінде.

Топтық және диагностика шеңберінде келесі тестік жұмыстар өткізілді.

  1. Филлипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.
  2. Дж.Мореноның социометриялы әдісі.
  3. Оқушының зейінін диагностикалау. «Мюнстерберг әдістемесі»
  4. Жеткіншектердің агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі)
  5. Кәсіби мүдде мен бейімділікті диагностикалау.
  6. Темперамент типін танықтауға арналған Стреляу тесті.
  7. Е.Климов сұрақнамасы.
  8. Голландтың тұлғаның типтерін анықтау.
  9. Лиридің тұлғааралық қарым-қатынасын диагностикалау.
  10. Психогеометриялық тест С.Делингер.
  11. Оқушылардың қызығушылықтарының картасын жасау әдістемесі Голомшток.
  12. Л.П.Калининскийдің ұйымдастырушылық пен коммуникативтік қабілетті анықтауға арналған әдістеме.
  13. Жеткіншектер акцентуациясын анықтау (К.Ленгард – Г.Шмишек)
  14. Көшбасшылық қабілеттердің диагностикасы (Е.Жариков, Е.Крушельницкий)
  15. Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербальдық) субьтесті.

Атқарылған жұмыстар: диагностикалық қызмет жеке жұмыс түрі ретінде және жекелеген концультациялар ретінде, топтық және диагностика шеңберінде тестік жұмыстар жүргізілді. 8-11 сынып оқушылары арасында «Әлеуметтік сауалнама» өткізілді. Зерттеуде баланың өзімен қатар жас құрбы – құрдастарының арасындағы қарым-қатынасын, оның осы ортадағы мәртебесін анықтауда «Социометрия» әдісі қолданылды. Бұл әдіс жанама сұрақтар кою арқылы өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайлықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, барлық сыныптарда өткізілген социометриялық сауалнама бойынша зерттеу топтарында балалардың көпшілігі қолайлы мәртебеге ие екендігін көрсетті. Топ мүшелерінің арасындағы көпшілікпен таңдалған , сынып лидерлері, беделді оқушылар анықталды. Шеттетілгендер немесе ешкіммен таңдалынбаған оқушылар болған жоқ. Сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы, ұйымшылдығы жақсы көрініп тұр.

Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, тиімді ұсыныстарын құру барысында әр түрлі диагностикалық әдістемелер жүргізіліп, психотоп мінездемелер анықталды, оқушыларды мінез-құлық картасы жасалды. Зерттеу нәтижесі төмен көрсеткіш көрсеткен 8ә сынып оқушысы Бердіқожа Қалаулы, 8а сынып оқушысы Сейсенбай Мирас, Болатқан Нұрсат, Акишев Ақжан, 8ә сынып оқушысы Ардақұлы Батырхан, Аман Кәусармен жеке жұмыстар жүргізіліп, психологиялық кеңестер берілді. Түрлі-түрлі сұрақтармен 10б сынып оқушылары Қожахметова Нұрай, Қасымова Сезім, 10г сынып оқушысы Жансерік, 10в сынып оқушысы Амангелді Ернұр, 9ә сынып оқушысы Шұғыла, 8в сынып оқушысы Бекжан Данияр, 8ә сынып оқушысы Айтжанова Амина, 8ә сынып оқушысы Жолымберген Жазира, Жаныс Бекарыс, Иосова Айсұлумен жеке жұмыстар жүргізілді. Балалармен жүргізілген жеке әңгімелесудің нәтижесінде мінез-құлықтарының үйлесімділігі, сыныптастарымен қарым-қатынас жасау барысында вербальдық және физикалық агрессия орын алатындығы және отбасыларында болып жатқан проблемалар бала психологиясына қатты әсер етеді. Психологиялық кеңес беру нәтижесінде баланың өзіндік бағалауын жоғарылатуға, қарым-қатынасын кеңейтуге психологиялық тренинг, психологиялық жаттығулар жүргізілді.

Зерттеуге ұсынылған 8а сынып оқушысы Жанарыстан Аян, 8ә сынып оқушылары Бердіқожа Қалаулы, Жолымберген Жазира, 8а сынып оқушылары Жантөре Еркеғани, Сағатбек Аружан, Саясатқызы Салимаймен жеке жұмыстар жүргізілді. Әңгімелесу нәтижесінде «Отбасы суреті» әдістемесі, «Табиғатта кездеспейтін жануар» проективтік тесті, «Ойлау типін анықтауға арналған тест», «Жетекші ми сыңарын анықтауға арналған экспресс талдау» әдістемесі алынды. Нәтижесінде оқушылардың қимыл-әрекеттерінің үйлесімділігі жақсы, қимыл-белсенділігі әдеттегідей, өз күші мен қабілеттеріне сенімді, психикалық көрінісі нормада, зеректілігі қалыпты жағдайда, психикалық жағынан өздерін жақсы сезінеді. Позитивті ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында 8 сынып оқушыларымен «Өмірдің бақытты сәттері», «Табиғат аясындағы көңілді күндер», «Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» сенімділік тренингтері өткізілді.

9-10 сынып оқушылары арасында Филлипс мектептегі мазасыздық сынағы өткізілді.

Психодиагностикалық зерттеуге Филлипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті қолданды. Тест 58 сұрақтан тұрады.

Мақсаты: орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

Мектептегі мазасыздық төмендегі 8 фактор бойынша тестіленді.

Тест жұмысын өңдеу барысында анықталғаны:

Факторлар Қалыпты
1 Мектептегі жалпы мазасыздық. Мектептегі әртүрлі эмоционалдық күйлер. 45-96%
2 Әлеуметтік стресті уайымдау 47-100%
3 Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері. Жоғарғы нәтижеге жетудегі қажеттіліктен өте алмау. 47-100%
4 Үрейдің көрінісі. Өз мүмкіндіктерін ашпау, тұйықтық, өзін басқаша сезіну. 46-98%
5 Білімді тексеру үстіндегі үрей 46-98%
6 Айналасы күткен нәтижеден үрейлену. 43-86%
7 Физиологиялық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы. Қорқыныш ортақ факторларға мазасыздықпен қарау. 17-100%
8 Мұғаліммен қарым-қатынастағы үрейлену мәселесі. Балалардың оқу үлгерім мәселесі. 17-100%

Түзету және дамыту бағыттары:

Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.

Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: мұнда қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді.

Туындаған мәселелерді дұрыс жолмен шешу, өзін-өзі басқара білу, тежей білу, жетістікке қол жеткізу жолдарын меңгеруге тренингтердің атқаратын ролі ерекше.

11 сынып оқушылары арасында ҰбТ – ға психологиялық тұрғыдан дайындау бағдарламасы бойынша «Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңге оқушылардың өзін-өзі реттеуін, өзіне деген сенімділігін жүзеге асыру, стресске қарсы тұруын арттыру» мақсатында: мини-лекция: «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?», «Топ ішіндегі пікір талас», «Кинезиологиялық жаттығулар», «Өз жұлдызыңызды табыңыз» атты тренингтер өткізілді.

Жарыс алдында психологиялық тұрғыдан дайындау бойынша: өзін-өзі реттеу), мотивация (өзіне-өзі түрткі болу), музыкотерапия әдістері қолданылды.

Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі бойынша жұмыстары, 8-11 сынып оқушылары арасында қажетті қасиеттерді дамыту және эмоционалдық, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруды түзету және дамыту бойынша жеке және топтар арасында жаттығулар өткізілді. Жеке дамыту жаттығулары өткізілді. Түзету-дамыту жаттығуларының басты тақырыбы: танымдық процестердің дамуы, эмоционалдық күйін түзету, стрестік жағдайлардағы жұмыстар. Осы орайда оқушылармен «Күлкі – көңіл айнасы», «Психологиялық саулық және тән саулығы», «Кәсіптік өзін-өзі анықтау тренингтері», «Көңіл күйдің сан қырлы сырлары», «Мамандық – өмір таңдау», «Сенім – менің серігім» тақырыптарында психологиялық тренингтер өткізілді.

Тренинг: Жұлдызым менің жоғары
Мақсаты : оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың бойларына сенімділік, жақсылық,кішіпейілділік ,адалдық қасиеттерін дарыту, табысқа жетудегі талпыныс қабілеттерін қалыптастыру.

Сары алтындай күз мезгілінде 8-ші сынып оқушыларының     позитивті өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында «Өмірдің бақытты сәттері», «Табиғат аясында демалыс» тақырыптарында сенімділік тренингтері өткізілді

Сары алтындай күз мезгілінде 8-ші сынып оқушыларының     позитивті өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында «Өмірдің бақытты сәттері», «Табиғат аясында демалыс» тақырыптарында сенімділік тренингтері өткізілді

“Жалынды жастар жарқын болашаққа” SDU CUP-2019 халықаралық пікірсайыс турнирі
Турнир мақсаты: Қазақстанның жарқын болашағы білімді, белсенді жастар екенін көрсету

Дарынның эрудициясы жоғары интеллектуалды дамыған 8-ші сынып оқушылары арасында “Тапқыр болсаң ,озып көр” интеллектуалды білім бәйгесі өткізілді.

Нархоз университетінің қабырғасында “Таңдаулы экономистер одағы” жоғары пікірсайыс  мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген “ICE CREAM VI”  атты Республикалық  турнирге “Дарын” пікірсайыс клубының мүшелері қатысып, мақтау қағазымен  марапатталды.

 

Меню