Жаңалықтар

Нормативтік актілер

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат

 Білім беру мекемесінің ата – аналар кодексі

Білім беру мекемесінің ата-аналар кодексі ата-ананың кәмелетке толмаған оқушы баланың заңды тұлғасы ретінде оның тәртібінің қалыптасуына, оқу процесі мен оқытушыларға, мектеп әкімшілігіне құрметпен қарауына және білім беру мекемесінде ыңғайлы және қауіпсіз жағдайдың орнауына ықпал етуі тиіс.

Мектеп ұжымы мен ата-аналар (арасындағы келісім шарт) төмендегі негіздер бойынша шарт жасасты

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Білім беру мекемесінің ата-аналар Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет», 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке және отбасы туралы», 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы» Заңдарына сәйкес жасалды.
1.2. Кодекстің мақсаты: ата-аналар үшін бірыңғай ережелер мен міндеттерді енгізу.

  1. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР:

2.1. Балалардың негізгі орта білім алғанға дейін жалпы білім беру мекемесін және оқу формасын таңдауға;
2.2. Білім беру мекемесінің Жарғысымен және білім беру қызметін реттейтін басқа да құжаттармен танысуға;
2.3. Мектеп басқару ісіне қатысуға, атап айтқанда, Қамқорлық кеңесін сайлауға және сайлануға (жалпы мектеп ата-аналар комитеті), сынып және жалпы мектеп ата-аналар жиналысына қатысуға және пікір айтуға;
2.4. Ата-аналар жиналысы, Қамқоршылық кеңесі және ата-аналар қоғамдастығының білім беру мекемесінің әкімшілігімен кездесуі жөнінде уақытылы хабардар болуға;
2.5. Білім берудің мазмұнымен, қолданыстағы оқу және тәрбие әдістемелігімен, тәрбие жұмыстарын оқыту технологияларымен және баласының оқу үлгерімі бағаларымен танысуға;
2.6. Білім беру мекемесінің аттестаттау қорытындысы бойынша үйде оқытылатын баланы мектепке оқуға ауыстыруға;
2.7. Оқушылар арасындағы, оқытушылар мен оқушылар, оқытушылар мен ата-аналар арасындағы келіспеушілік жағдайларды шешуге мектеп әкімшілігіне шағымдануға;
2.8. Зайырлы құндылықтар негізінде балаларды адамгершілік және қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеуді қамтамасыз етуге;
2.9. Ата-аналар жиналысына қатысуға, сонымен қатар баласымен бірге тұрмаған жағдайда, егер заңға қайшылық етпесе және балаға (дене бітімі, моральдық, психологиялық жағынан) зиян келтірмесе, ол туралы ақпарат алуға;
2.10. Баласының үлгерімі және тәртібі жөнінде мәселе туындаған жағдайда, жағдайды талқылау үшін Педагогикалық кеңес отырысына кеңес беру құқығынсыз қатысуға;
2.11. Бала құқықтарының орындалуына талап қоюға;
2.12. Негіз болған жағдайда, керек деп санаса, алдын ала келісім бойынша мұғаліммен кездесуге (сабақтан кейін);
2.13. Ата-аналар жиналыстарында, Қамқоршылық кеңесінің отырыстарында, сонымен қатар білім беру мекемесі директорымен кездесу кезінде білім беру мекемесіне ескертулер мен ұсыныстар жасауға;
2.14. Оқушыларды тексерудің жоспарлы түрлері (психологиялық, психологиялық-педагогикалық) туралы ақпараттарды алуға, осындай тексерулерді өткізуге келісім беруге немесе қатысуға, тексерулерді өткізуден немесе қатысудан бас тартуға, өткізілген тексерулердің қорытындысы жөнінде ақпарат алуға;
2.15. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жекеленген санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін қосымша жеңілдіктермен уақытылы материалдық көмек көрсетілуіне ықпал етуге;
2.16. Балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның тексеруіне, тексеру нәтижелері бойынша алынған тексеру қорытындысын және ұсынымдарын талқылауға қатысу барысында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін ұсынылған шарттарға қатысты пікірлерін айтуға;
2.17. Білім беру мекемесін басқаруға қатысуға (Қамқорлықшылық кеңесі).

  1. АТА-АНАЛАР МІНДЕТТІ:

3.1. Ата-ана баласын мектепке орналастырғаннан  кейін мектептің ішкі күн тәртібімен жете танысуы қажет.
3.2. Баласының қажетті оқу құралдарының , киім -кешегін , мектеп формасын, спорт киімдерін, маусымдық киімдері мен аяқ киімдерін, гигиеналық құралдарын түгелдеп беруге міндетті.
3.3. Ата-ана ай сайын тамағына төленетін 20 пайыз жарнасын уақытында төлеп отыруға міндетті.
3.4. Баласының ой-өрісін кеңейту мақсатында жүйелі тәрбие беруде мәдени орындарға (қалада қыдырту,театрға бару, кино, мұражайларды аралау, түрлі саяхаттар мен кездесулерге) бару үшін қаражатпен қамтамасыз ету міндетті.
3.5. Жататын бөлмесін жабдықтауға (безендіруге, гүл,картина, т.б) көмектесулері қажет.
3.6. Мүмкіндігі бар ата-аналар мектепке өз еріктерімен демеушілік көрсетулеріне болады.
3.7. Баласының тиянақты білім алу үшін оқу-тәрбие жұмысынан хабардар болуы ата-ананың міндеті. Ол үшін директордың оқу ісі жөніндегі, ғылыми ісі жөніндегі, ,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және интернат меңгерушісі, пән мұғалімдері, дәрігер, мектеп психологы, тәрбиешілері мен сынып жетекшісімен үнемі байланыста болып,пікірлесіп отыруы қажет.
3.8. Баласының апталық жүктемесімен танысып білім деңгейін бақылап отыру үшін сабақтарына қатысып, пән мұғалімдерімен пікірлесіп отыруға міндетті.                                                         3.9.Балалардың бойындағы қабілетін қадағалап ,пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаға, түрлі дебат сайыстарына қатыстырып, белгілі бір дәрежеде көмектесіп өз үлестерін қосып отыруға міндетті.                                                                                                                                                                            3.10. Балалардың жеке бас заттарының (ақша, ұялы телефон, косметикалық бұйымдар т.б) ұстау тәртібіне жоғалмау үшін үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетті. Бұл заттарға мектеп тарапынан жауапкершілік жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналардың келісімімен алынып тасталғанын ескертеміз.                                                                                                                                      3.11. Мектеп-интернат оқушыларының  бар  назарын   телефонға  аудармау мақсатында , сондай-ақ,  ұялы  телефонның  бала  денсаулығына  зиянын  ескеріп, әр сыныптың  жетекшілері мен сынып тәрбиешілері әр дүйсенбі күні сағат 8.00 де телефондарын жинап ,сенбі  күні сағат 15.00-ден кейін қолдарына қайтарылатынын   ескертеміз.                                                                                 3.12. Мектеп-интернаттың ең өзекті мәселесі ізгілікті қасиеттерді бойына жиған білікті, білімді тұлға тәрбиелеу.Бұл тұрғыдан алғанда ата-ана мектептің ішкі тәртібімен жете танысып,оның баласының мектеп-интернат ережесін қатаң орындауын қадағалап отыруға міндетті.
3.13. Тәрбиешісі мен сынып жетекшісі мен түзім кезекшілер мен тағы басқа мектеп қызметкерлер мен баласының тәртібі ,жүріс-тұрысы, мінез -құлқы, күн тәртібін орындауы жөнінде үнемі сұрап, хабарласып   отыруға міндетті.
3.14. Баласы демалысқа (қайту уақыты сенбі күні 15:00 ден кейін, келу уақыты жексенбі 17:00 ге дейін) тек мектептің рұқсатымен алып сабақтан кешіктірмей әкелуге міндетті және үй тапсырмасын   орындауын қатаң бақылауы керек.(Себебі, демалыста үйіне барған оқушылар дүйсенбіде сабаққа дайындықсыз келеді).
3.15. Қысқы ,жазғы демалыста сабақ аяқталған соң алып кетуге, сабақ басталғанда кешіктірмей әкелуге міндетті.

3.16. Қазақстан Республикасы заңының «Неке және отбасы» туралы 70 бабына сәйкес ата-аналары баласының денсаулығына, тәрбиесіне, көңіл бөлу керек, қамқорлық жасауына физикалық, психикалық рухани адамгершілік жағынан дамуына жауапкершілікпен қарауына жағдай жасалуына;
3.17. Мектептегі,жатақханадағы жиһаздардың сақталуын қадағалау. Егер баласы сындырып бүлдірсе ата-ана есебінен жөндеуге міндетті.
3.18. Сынып жетекшісінің , тәрбиешісінің жалпы мектеп ұжымының мүшелерінің талаптарын қолдап көмектесуге ,мектепте өтетін кейбір іс-шараларға қатысып отыруға міндетті.
3.19. Ата-аналар комитетінің жұмысын жандандырып , ата-аналар жиналысын мазмұнды өткізуге, жиналысқа міндетті түрде қатысуға ,үлкенді-кішілі мәселелерді талқылап шешуге және ата-аналар арасында бала тәрбиесіне байланысты лекция, баяндамалар ұйымдастырып, оны талдап, талқылауға міндетті.
3.20. психологиялық -медициналық-педагогикалық консультациялардан өз балаларын  оқыту мен  тәрбиелеу проблемалары  бойынша консультациялық көмек  алуға  құқығы бар;
3.21. Өз балаларының психологиялық дамуын зерттеп, мінезіндегі өзгешеліктерін анықтап, кемшіліктерді жөндеуге міндетті.
3.22. Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы қозғалыс» туралы заңының 23 бабына сәйкес, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ата-аналардан ақшалай қаржы жинауға тиым салынатындығы туралы.

  1. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:

4.1. Ата-аналар (заңды қамқоршылар) баланың тәрбиесіне жалпыға бірдей білім беретін мекемеде білім алуына мүмкіндік жасауға;
4.2. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бала тәрбиесіндегі міндеттерді орындамаған жағдайда және баласына қатысты заңбұзушылық әрекет жасаған жағдайда ата-ана әкімшілік, құқықбұзушылықпен күрес қызметкерлерінің алдында жауап беруге міндетті;
4.3. Ата-анасы немесе заңды қамқоршысы 14 жасқа толмаған балаға жасалған заң бұзушылық пен зорлық-зомбылық әрекетіне қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
4.4. Қамқоршылығына алған баланың тәрбиесіне көңіл аудармаса, назардан тыс қамқорлықсыз қалдырса немесе басқа да жеке өз мансабы үшін пайдаланған жағдайда қамқоршысы заң алдында жауап беруге міндетті;
4.5. Осы атаулы кодекстегі ереже бұзылса ата-аналар тарапынан қаралады. Қамқоршылық кеңестің отырысында қажет болған жағдайда – құқық қорғаушы өкілінің қатысуымен қаралады.

Білім беру мекемесінің оқушылар кодексі 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 1.1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ«Неке және отбасы» Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Бала құқығы туралы» Заңы, «Бала құқығы туралы Конвенциясына сәйкес жасалды.
1.2. Кодекс мақсаты: мектеп қабырғасында қолайлы ортада сапалы білім алуына мүмкіндік беретін оқушылардың бірыңғай ережелері мен міндеттерін енгізу.

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

2.1. Сапалы білім алуға;
2.2. Өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне;
2.3. Оқу сабақтарының арасында демалу үшін үзіліс алуға;
2.4. Бақылау жұмыстары мерзімі мен олардың көлемі туралы уақытылы ақпарат алуға;
2.5. Білім алуға мұғалім тарапынан қосымша көмек; өзіндік тілегі бойынша пәнді игеруде қиындық туындаған сәтте, денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспаған немесе өздігінен материалды игере алмаған жағдайда;
2.6. Білім саласында және мектептегі оқытуда қажетті және қолжетімді ақпараттар алуға; – мектептің кітапханалық қорын ақысыз пайдалануға;
2.7. Оқу пәндері бойынша тек қана өз білімі мен дағдыларының сәйкестігін бағалауға;
2.8. Оқудағы ғылыми және шығармашылық әрекетіндегі жетістігі үшін марапатталу және сыйақы алуға;
2.9. Сыныптың және мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін марапатталуға;
2.10. Қоғамдық және азаматтық ықылас көрсетуге;
2.11. Өзінің абыройын сыйлауға, әр түрлі дене және психикалық зорлықзомбылық, жеке тұлға ретінде жәбірленудің әр түрлі формаларынан сақтануға;
2.12. Өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес кез келген қоғамдық тапсырмаларды өз ықыласымен таңдауға;
2.13. Білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке өз еркімен тартылуға;
2.14. Өз пікірін еркін айтуға; – мектепті басқаруға қатысуға –мектепті басқару органдарына сайлауға және сайлануға қатысуға;
2.15. Мектептің дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық идеялар мен креативті ұсыныстар енгізуге.

  1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Мектеп Жарғысы, мектептің ішкі тәртібін және осы оқушы Кодексі талаптарын білу және сақтауға;
3.2. Отанға лайықты қызмет етуге өзін-өзі дайындауға;
3.3.  Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Жалауы мен Әнұраны, мектебінің символикасын білуге және сыйлауға;
3.4. Сапалы білім алуға, өзінің білім, білік, дағдыларын кеңейтуге, сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;
3.5.   Мектептің жұмыс режимін қатаң сақтауға, сабақ кестесіне сай сабақтарға қатысуға, қандай да бір себептер болмаса сабақтан кешікпеуге;
3.6. Мектеп абыройын сақтауға, дәстүрлері мен имиджін қолдауға; – мұғалім еңбегін бағалауға;
3.7. Мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен басқа да оқушылардың абыройы мен ар-намысын сыйлауға;
3.8.  Өзінің және басқа оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, мектептің техникалық қауіпсіздігін және мектеп пен жеке гигиеналық талаптарды сақтауға;
3.9. Мектеп формасын міндетті түрде киюге;
3.10.  Өзінің сыртқы келбетін тазалықта және ұқыптылықта ұстауға;
3.11. Мектеп ішінде ауыстыратын аяқ киім; дене шынықтыру сабағына спорт киімнің болуы;
3.12. Мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға, оның сақталуын қадағалауға;
3.13.  Мектептен тыс жерлерде өзін лайықты ұстауға, айтар сөздерін бақылауға, ұрсу және қоғамға жат лексиканы қолданбауға;
3.14.  Мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;
3.15.  Оқушы мектепке сабақ басталмай тұрып алдын ала таза, ұқыпты қалыпта келіп, гардеробта сыртқы киімін шешіп, аяқ киімін ауыстырып, болатын сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын дайындауға міндетті.
3.16. Сабаққа үш күн қатыспағанда, сынып жетекшісіне емханадан денсаулығына байланысты анықтама немесе ата-анасының (ата-анасының құқығын орындаушы, қамқоршысы және т.б.) өтініші тапсырылуы қажет; Оқушыларға тыйым салынады:
3.17.  Себепсіз сабақтан қалуға; – сабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға кешігуге;
3.18.  Сабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзуға;
3.19. Білім үдерісіне қатысушыларға, оқушыларға тіл тигізуге, абыройы мен ар-намысына тиюге;
3.20. Сабақ барысында мұғалімнің рұқсатынсыз ұялы телефон қолдануға;
3.21.  Мектепке жарылыс пен өрт қаупін тудыратын кез келген заттар мен құралдарды әкелуге: жарғыш, өрт тудыратын заттар, қару, уландырғыш және улызаттарды, пиротехникаларды, газдық баллондар, үшкір, кесетін құралдарды, пышақ т.б. нәрселерді әкелуге;
3.22.  Шамадан тыс косметика қолдану және мектепте зергерлік бұйымдарды кию;
3.23. Қандай бір мақсатпен және қандай да бір тәсілмен қару қолдануға (сонымен қатар жарылғыш, өрт тудыратын заттар, алкогольді сусындар, шылымдар, есірткі заттарын) мектеп территориясына алып кіруге;
3.24. Мектепте сағыз шайнауға;
3.25.  Сабақтарда плеерлер мен мобильді байланыс қолдануға;
3.26. Қоғамға жат қимылдар мен тіркестерді қолдануға;
3.27.  Техникалық қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
3.28. Мектепке алкогольді және есірткі заттарды әкелуге және қолдануға;
3.29.  Мектеп мүліктерін бүлдіруге және сындыруға, мектеп қызметкерлері мен басқа да оқушылардың жеке мүліктеріне зиян келтіруге; – қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге, қорқыту мен тартып алу мақсатында қандай да бір әр түрлі формадағы күш және қысым көрсетуге;
3.30.  Қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;
3.31.  Білім беру ұйымдарына кремді кондитерлі заттар әкелуге тыйым салынады (16.08.17 жылғы Денсаулық сақтау Министрлігінің № 611 бұйрығы).  

Кодекс ережелерін бұзған жағдайда оқушылардың жауапкершілігі

Барлық оқушылар Кодекс ережелерімен толық танысуы тиіс және барлық нормалар мен ережелерді мүлтіксіз орындауға тиісті. Кодекс ережелерін бұзған оқушылар тәртібі мектеп белсенділері отырысында, педагогикалық консилиумдерде немесе қамқоршылар кеңесінде, қажет болғанда, құқық қорғау органдарында қаралады.

Меню