Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға
арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-
интернаты “Бірлік” өзін-өзі басқару ұйымы туралы мәлімет
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:
- қарым-қатынасты ізгілендіру;
- ұжым өмірін жариялылыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің өзектілігі:
- оқушылар әрекетінің еріктілігі, жариялылығы, тең құқылығы;
- жалпы адами асыл құндылықтарды шынайы бағалауға бағыттау;
- өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызу;
- ұйымның өзге мүшелерінің пікіріне құлақ аса отырып ой бөлісу, өзгелер пікірін құрметтеуге төселдіру
Оқушылардың өзін-өзі басқаруының принциптері:
- мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігі;
- оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жауапкершілігі;
- оқушылардың өзін-өзі басқаруда өкілеттілігін тағайындау;
- оқушылардың өзін-өзі басқаруда алуан түрлі әдістерін пайдалану;
- оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының оңашаландырылуы және жалпыға бірдей тапсырыстарды жүзеге асырудағы тығыз байланыстылығы.
Мектеп президентінің мақсаты – мектепте өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын алға қою. Мектептегі білім сапасын 63 пайызға, тәртіпті 70 пайызға көтеру.
Міндеттері:
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін біріктіру;
Мектептегі тәртіпті қадағалау;
Оқушыларды барынша мектеп өміріне қатыстыру;
Саналы,патриот оқушыларды тәрбиелеуге үлесімді қосу;
Өзіме қойылған міндеттерді орындау.
Білімминистрінің мақсаты – МӨБ (мектептің өзін-өзі басқару) жұмысының нәтижелілігі жөнінде мағлұматтар жинау және оны талдау.
Міндеті – топтардың нәтижелі жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Бұқаралық ақпарат министрінің мақсаты – халықаралық масштабта, Республикалық, облыстық, аудандық газет-журналда, ғаламторда, баспасөзге мектеп өмірінен мақала жариялап отыру.
Міндеті – мектеп оқушыларының қабілеті мен талантын шыңдау, шығармашылық топпен тығыз байланыс жасау. Біріктірілген жобаға серіктестік және қолдаушы іздеу.
Мәдениет министрінің мақсаты – бағыт бойынша түрлі мәдени шаралар өткізу (әншілер конкурсы, бишілер жарысы, спортпен шұғылданушы, оқушылар жайлы мағлұмат жинау). Оқушыларды өнер мен мәдениет саласына бейімдеу.
Міндеті – мәдени іс-шарамен айналысуды ұнататын оқушылардан топ құру немесе осы салада тәжірибесі бар ата-аналардан топ құру.
Спорт және денсаулық министрінің мақсаты – оқушылардың денсаулықтарына бақылау жасау, кеңес беру, спортпен белсенді шұғылдануға баулу.
Міндеті – құрамына спорт пен медицинаға икемді оқушыларды баулып медицина саласында қызмет жасайтын ата-аналар мен байырғы спортшыларды жинақтау.
Көптілділік министрінің мақсаты – оқушыларды тұғырлы үш тілді меңгеруге тарта білу.
Міндеті – үш тілді немесе екі тілді өте жақсы меңгерген оқушылар тобын жинақтау.
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға
арналған қазақ тілі мен қазақ әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-
интернатындағы 2021-2022 оқу жылындағы “Бірлік” өзін өзі басқару ұйымының жаңа құрамы.
1. Нурмухамет Ермади – президент
2. Қиясбек Ерзат – Білім министрі
3. Оразалы Мадияр – Ұлдар алқасы
4. Талғат Нұрсұлтан – Мәдениет министрі
5. Жанарыстан Аян – Спорт министрі
6. Кунжан Елжан – Тазалық министрі 2-қабат
7. Еркінұлы Алихан – Тазалық министрі 3-қабат
8. Тасмұратова Дана – Тазалық министрі 1-қабат
9. Баймбетова Айкөркем – Тазалық министрі 4-қабат
10. Қанаш Айғаным – Қыздар алқасы
11. Кенжебай Ақбота- Ақпарат министрі
12. Қизат Бегімай -Тазалық министрі 3-қабат
13. Оразгелді Дана-Тазалық министрі 2-қабат
2021-2022 оқу жылындағы «Бірлік» өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспары
№ | Іс-шара атауы | Жауапты | Мерзімі |
1 | Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін сайлау | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары | Қыркүйек |
2 | «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында 8-сыныптар арасында сурет байқауын өткізу |
Президент Білім министрі |
Қыркүйек |
3 | «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» Өнеге сабағы |
Президент Білім министрі |
Қазан |
4 |
1қазан – Қарттар күніне арналған «Өз жүрегіңмен жылыту» Қайырымдылық акциясы
|
Президент Білім министрі |
Жыл бойы |
5 | «Әкем айтқан нақыл сөз…» «Айтарым бар…» ток-шоу |
Президен Білім министрі |
Қыркүйек |
6 | Мектеп бойынша «Ең үздік сынып» сайысын өткізу | Ұйым мүшелері | Қараша |
7 | Ұлдар жиналысын өткізу |
Президент «Елтұтқа» ұлдар ұйымының алқасы |
Тоқсан сайын |
8 | Қыздар жиналысын өткізу |
Президент «Инабат» қыздар ұйымының алқасы |
Тоқсан сайын |
9 | «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие» тақырыбында шығармашылық байқау өткізу |
Президент Білім министрі Мәдениет министрі |
Желтоқсан |
10 | «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізу |
Президент «Елтұтқа» ұлдар ұйымының алқасы |
Ақпан |
11 | «Қыз сыны» байқауын өткізу |
Президент «Инабат» қыздар ұйымының алқасы |
Наурыз |
12 |
«Біз оқитын 30 кітап» (Тәуелсіздікке-30 жыл)оқырмандар клубы |
Президент Білім министрі Көптілділік министрі |
Сәуір |
13 | «Қазақстанның дамуы жастар қолында» | Ток-шоу | Желтоқсан |
14 | Оқушылардың білім сапасын, сабаққа қатысымын қадағалау |
Президент Білім министрі
|
Жыл бойы |
15 |
«Қазіргі жастардың өмірлік басымдықтары» «Қамқорлық» акциясы |
Акция | Қаңтар |
16 | «Оқушы мен ұстаз мәдениеті» Дөңгелек үстел |
Президент Білім министрі
|
Ақпан |
17 | «Ұстазға алғыс» Бейне блогтар челленджі |
Президент Білім министрі
|
Мамыр |
18 | «Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын!» Зияткерлік сайыс |
Президент Білім министрі Көптілділік министрі |
Маусым |
19 | Оқушылардың мектепте ұйымдастырылатын мәдени, танымдық іс-шараларға белсенді қатысуын қадағалау |
Президент Мәдениет министрі |
Жыл бойы |
20 | Өткізілген іс-шараларды мақала, сценарий, пост т.б. форматта БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялап отыру |
Президент БАҚ министрі |
Жыл бойы |