Жаңалықтар

Бiздiң мақтаныштар

Даулетбек Думан Талғатұлы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарындыбалаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.

Жастайынан зерек өскен ол қазіргі таңда көптеген жетістерге жеткен. Өнерімен, даусымен елді баураған Думанның жетістіктеріне тоқтала кетсек, ол Республикалық “Ділмар” шешендік өнер байқауының 1- орын иегері, мектепшілік “Талапты болсаң озып көр” атты интеллектуалдық жарыста “Дарынды оқушы” номинациясының иегері, Республикалық “Ақ көгершін” ән-жыр байқауының 1-орын иегері, Көкшетау қаласында өткен Республикалық “Ақберен”байқауында күй бағыты бойынша ” Үздік орындаушы” номинациясының иегері. Бұндай балалар қазақтың әр үйінде бар. Жас ұрпақ – еліміздің болашағы. Осындай өнерлі жас буын қазақ елінің ертеңгі болашағы, біз жас ұрпақтан көп үміт күтеміз.

Қанат Асылзат Шалқарқызы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, оқу озаты. Жастайынан білім қуған Асылзаттың бойынан еңбекқорлық, табандылық сынды қасиеттер көруге болады. Қазіргі таңда Асылзат сол қасиеттерінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтсақ, 2019ж. Павлодар қаласында өткен Сатпаев олимпиадасында бақ сынап, жүлделі 3-орын иегері атанды. Сонымен қатар, Халықаралық «Белый дельфин» байқауының 2 мәрте 3-орын иегері, «Ақ Бота» интеллектуалдық марафонының 3-орын иегері, «Тау-Тұран» оқу лагерінің қатысушысы, Халықаралық ағылшын тілі пәнінен «Бульдок» олимпиадасының жүлдегері. Асылзат мектеп қабырғасында өткен олимпиадаларда да өз бағын сынап, мектепшілік олимпиадаларда математика пәнінен 2-орын, ағылшын пәнінен 2-орын иегері атанды. Асылзат өнерден де құр қол емес. Кішкене күнінен биді ұнататын ол қазірде Республикалық «Айгөлек» ән-би байқауының 3-орын жүлдегері,  Халықаралық «Ақ көгершін» байқауының «би» номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанып отыр. Мектепте ұйымдастырылатын іс-шараларда да Асылзат белсенділік танытады. 2019ж. оқушылар мен ата-аналар арасында өткізілген «Бақытты жанұя» жарысында Асылзат анасымен бірге өнерін ортаға салып, 2-орын иеленді. Сыныбының үздіктерінің қатарынан қалыс қалмайтын Асылзаттың болашағынан үлкен үміт күтеміз.

Қуанышова Жангүл Амантайқызы – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, оқу озаты, дарынды дарабоздардың бірі. Ақылдылығымен, жан-жақтылығымен көзге түскен Жангүлдің қазірде жеткен жетістіктері орасан зор. Білім додаларында Жангүл көптеген жүлделі орындарды иеленген. Нақтырақ айтсақ, 2019ж. Жезқазған қаласында өткен химия пәнінен Қаныш Сәтпаев атындағы ІІІ Респуликалық олимпиада жүлдегері, 2018ж. Республикалық «Жас білімпаз» атты ІІ ғылыми жұмыстар сайысы 3-орын, 2018ж. VI Аймақтық жас математиктер турнирінің 3-дәрежелі диплом иегері, 2018ж. Республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша 1-орын иегері. Сонымен қатар, 2019ж. «Ақ Бота» интеллектуалдық марафонының 3-орын, мектепшілік олимпиадада ағылшын пәні бойынша 2 мәрте 1-орын иегері.

Жангүл тек жарыстардың ғана емес, сондай-ақ мектеп ішінде өтетін байқаулардың да жеңімпазы. Тоқталып өтер болсақ,2018 жылғы мектепшілік «Ұстаз бен шәкірт» байқауында 1-орын және діл сол жылы ұйымдастырылған мектепшілік «Талапты болсаң, озып көр» интеллектуалдық ойынында «Білімді жас» номинациясының иегері атанып отыр.

Болашақта тележүргізуші, журналист болуды армандайтын Жангүл армандарына қазірден қадам басқанды жөн санайды. Бұл сөздеріме Жангүлдің 2017ж. Облыстық «BEST JOB – Тележүргізуші» телевизиялық реалити-шоуының финалисті, Қалалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаев өлеңдерін жатқа оқу байқауында жүлделі 2-орын, 2018 жылы «Хабар» арнасы «Ана мен бала» бағдарламасының өлең оқудан балалар байқауының 1-орын жүлдегері болғандығы дәлел бола алады. 2019-2020 оқу жылының «Үздік оқушысы» деп танылған Жангүлдің болашағынан зор үміт күтеміз.

Жүйріктердің  ішінен жарылып шыққан,көптеген жарыстардың жүлдегері, айтыскер,ақын Абитилда Нұрислам – Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы. Ол  тек қана өзінің ақындығымен ғана емес, сонымен қатар, суырып салма айтыскерлігімен де көзге талай түскен. 2018ж. өткен  Республикалық «Тәуелсіздікке тарту» атты ақындар айтысында 1-орын, Қалалық «Айтыс-сөздің майданы» атты айтыс додасының 3-орын иегері, 2019ж. Республикалық оқушылар айтысында 1-орын, сол жылы өткен Республикалық «Ақберен» сайысында «айтыс» номинациясы бойынша 1-орын иегері.

Әдебиет пәнін сүйіп оқитын Нұрислам бұл бағыттағы жарыстардың да жүлдегері атанған. Атап айтсақ, 2018ж. Респубдикалық Мұқағали оқуларынан 3-орын, 2019 жылы Республикалық Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арналған сайыста 3-орын, 2020 жылы қаңтар айында өткен Республикалық Абайтану олимпиадасының жүлделі 3-орын иегері атанды.

Абитилда Нұрислам – жан жақты озат оқушы. Ол бірнеше музыкалық аспапта, атап айтсақ, домбыра, гитара, пианинода ойнай алады. Сондай-ақ ол бос уақытын әдеби кітаптарды оқумен өткізеді.

Келешекте Нұрислам өзін филология маманы ретінде көреді. Болашақта Нұрисламның Егеменді елдіміздің елеулі тұлғасы боларына сенім білдіреміз.

Меню