Жаңалықтар

Білім алушыларды қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсынымдар

Карантин кезеңінде қашықтықтан оқыту – балалардың дербестігі мен жауапкершілігі сыналатын кез ғана емес, сонымен қатар оң жеке қасиеттерді көрсету, өзіндік сана-сезімді дамыту және әр білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту мүмкіндігі.

Психологтардың ата-аналарға ұсынымдарымен практикалық кеңестері

Өзіңіз және балаңызүшін әдеттегі күн тәртібі мен ритмін(ұйқы және сергектік уақыты, сабақтың басталу уақыты, олардың ұзақтығы, «үзіліс» және т. б.) сақтаңыз.

Отбасыдағы әрбір білім алушығасабақ кестесін, мұғалімдер ұсынған оқыту ресурстарын қарастыру мен зерделеуді, тапсырмаларды орындауды, бос уақытты ескере отырыпкүн сайынғы өзіндік жоспарды құруға,ал кешке қорытынды жасап, келесі күнге жоспар дайындауға көмектесіңіз.

Оқу жұмысын баланың жасына және даралығына байланысты 15-30 минуттан бөлікке бөлген жөн, олардың арасында басқа пайдалы іспен айналысуға болатын 5-10 минуттық үзіліс жасау керек. Жоспарланған кезеңдердің уақытын белгілеу үшін көзге түсетін жердесағат пен таймердіңболғаны жөн.

Әр күннің соңында балаңызбен оның қолынан не келгенін, керісінше ненің келмегенін талқылау маңызды. Өзара түсіністікке қол жеткізу үшін: не, қалай, не үшін, не себепті, не сезіндің, қалай болды немесе болмады деген т.б. ашық сұрақтарды қою қажет.

Бала үшін үнемі көңілін көтеріп тұру, әсіресе бастауыш буын білім алушысы үшін қажет, өйткені бұл баланың бойында өз-өзіне сенімділіктің пайда болуына алып келеді және баланың жалпы тонусын арттырады.

Есіңізде болсын, әрбір баланың өзі қалағандай өткізе алатын жеке уақыты болуы тиіс.

Балаларды мүмкіндігінше өз құрдастарымен ойнауға және қарым-қатынас жасауға ынталандыру қажет.

Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде карантин себептеріне арналған тақырыптарға және басқа да үрей тудыратын тақырыптарға назар аудармауға тырысыңыз.

Баланың ата-анасы мен жақындары болып жатқан жағдайға қатысты сабырлы, адекватты және сыни қарым-қатынасты сақтауға тырысу керек. Баланың эмоционалдық жағдайы ересектердің жағдайына тікелей байланысты. Балаға «ақпараттық шуылға», кейде жалған ақпаратқа толы әлеуметтік желілерден аулақ болуға кеңес беріңіз.

Отбасылық дәстүрлерді сақтау, өз бетімен білім алу, салауатты өмір салтын ұстану, қоршаған ортаға оң көзқараспен қарау секілді маңызды мәселелерде балалар үшін үлгі болуға тырысыңыз.

«Білім алушыларды қашықтықтан оқыту кезеңінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсынымдар»
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».
Толығырақ: https://vip-edu.mcfr.kz/#/document/16/205543/dfas3w1uma/?of=copy-79ab7e4167

Меню