Жаңалықтар

ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, журналист, диктор Бақыт Жағыппарұлының арнайы сабағы

Тағы бір тағылымды сабақ тарих қойнауына табысталды. Бақыт Жағыпарұлы шын жанашырлықпен шынайы сабақ өтті. Өлеңді қалай оқу, дауысты қалай сақтау, әр әріптің орны қандай, сөйлеу шеберлігін, тіл тазалығын қалай сақтауға болады, микрофонды қалай ұстау керек,т,б, сан сауалға жауап берді. Өлең оқушылар мен шешендік сайысқа баға берді. Әріптес Бағдат мырза қолдау таныта келіп атқұмар оқушы (8-сынып оқушысы) Ерзатқа “Арғымақ” кітабын сыйға тартып, оқушыларды қанаттандырды.
“Жас қазақ” ұлттық апталығынан Мақпал Ноғайбай талантты оқушыларды тәмам жұртқа таныстыру үшін арнайы ат басын бұрып, ақпарат жинап қайтты. Газет ұжымына алғыс!
Алтын уақытын бөліп келген ардақты аға, әріптес, достарға рақмет!

(с) Жарқын Сәленұлы

Меню