Жаңалықтар

Қазақ тілі мен әдебиеті және қоғамдық пәндер бірлестігі

 

ОСПАН ДИНАШ БЕКТЕНҚЫЗЫ

       Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог».  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері». Республикалық «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсының I дәрежелі диплом жеңімпазы, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері, “Үздік педагог – 2020”.

«Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» тест жинақтарының авторы.   Жалпы білім беретін мектептердің  8-10-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті»  хрестоматиясы   мен  «Мұғалім кітабы» әдістемелік құралының авторы. Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» бағдарламаларының авторы. Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар мен олимпиадалардың,  сондай-ақ  республикалық оқулардың жүлдегерлері.

 НҰРЛЫБЕКОВА ҚАЛИМА ҚАППАСҚЫЗЫ

    Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті   пәнінің  мұғалімі, «Шебер-педагог».  ҚР Білім беру ісінің үздігі, «ҚР Білім беру ісінің  құрметті қызметкері»,  «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері.

Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын бағдарламалардың, шығармашылық тесттердің, 7-сынып қазақ тілінің дидактикалық құралының және  жаңартылған мазмұндағы «Қазақ әдебиеті » бағдарламасының  авторы. Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада,   ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

АҒЫБАЕВА ҰЛЖАЛҒАС БҰРХАНҚЫЗЫ

      Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі. «Шебер-педагог». «Үздік мұғалім-2009».  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері.

Білім беруді Ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар Орталығының басшылығымен 6-сыныптың қазақ тілі оқулығына арналып жазылған электрондық оқулықтың авторы.

Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі»  бағдарламасының авторы.  Оқушылары қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада,   ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

Халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып баспасөз беттеріне мақалалары, сабақ жоспарлары  жарияланған.

ТАЙҒАРИНА ГҮЛМИРА КАДРБЕКҚЫЗЫ

     Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог».  «Қазақстан жыл мұғалімі-2002», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері». «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсының IІІ дәрежелі диплом жеңімпазы, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасының» иегері.

«Абай – адамзаттың ұлы тұлғасы» негізінде құзырлығы жоғары дарынды жастарды қашықтықтан дамыта оқыту  бағдарламасының,  жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» бағдарламасының авторы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 8-сыныпқа арналған  «Электронды оқулық» авторы.  Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада,  республикалық ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

 МАХАМБЕТОВА ГҮЛБАНУ  ЖАНБЕКҚЫЗЫ

       Жоғары біліктілік  санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі, «Шебер-педагог».  «ҚР Білім беру ісінің үздігі»,  «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері, “Зерттеуші педагог”, “Үздік педагог – 2020”.Республикалық «Дарын» орталығы жанынан құрылған әдістемелік кеңестің мүшесі. «Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламаларының», «Мазмұндамалар мен диктанттар жинағының»,  10-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналып жазылған электрондық оқулықтың авторы; “Негізгі орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептерінің 8-9-сыныптарына арналған “Қазақ тілі”  пәнінен жаңартылған білім мазмұнындағы үлгілік оқу бағдарламасының” авторы; «Негізгі орта білім беру деңгейінің мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептерінің  10-11-сыныптарына арналған “Қазақ тілі”  пәнінен жаңартылған білім мазмұнындағы үлгілік оқу бағдарламасының” авторы. Мұғалімдердің «Ең үздік авторлық бағдарлама» республикалық бәйгесінің

І орын иегері (жеңімпазы), көшбасшы, мектеп тренері, қазақ тілі мен әдебиеті, қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі.

Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада,   ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

 ЖАЛМАХАНОВА  ЖАЙНА  ӘБДІНӘБИҚЫЗЫ

          Жоғары санатты  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог».  Қазақстан Республикасы      Білім және ғылым министрінің    «Құрмет  грамотасы»  иегері. Ел болашағы үшін білімді, саналы, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген ізденімпаз ұстаз.   Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада,  ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.  Республикалық конкурстардың  жүлдегері.   Халықаралық, республикалық конференцияларға қатысып, баспасөз беттеріне мақалалары, сабақ жоспарлары жарияланған.  Қазіргі таңда білім беру жүйесінің инновациялық  технологияларын меңгеру мақсатында тынбай іздену үстінде.

ТІЛЕУБЕРДІ   ҚИЗАТ

         Жоғары санатты  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі, «Шебер-педагог». Гуманитарлық ғылымдар магистрі.  Қазақстан Республикасы      Білім және ғылым министрінің   «Құрмет грамотасы» иегері.

Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ әдебиеті» бағдарламасының авторы.

Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада және  ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

МАЛИК МАЙРА МАЛИКҚЫЗЫ

       Жоғары санатты  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі, «Шебер-педагог». Педагогика ғылымдарының магистрі. Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасы» иегері.   Гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ  тілі» бағдарламасының авторы.

Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада,   ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

АБИТОВА ЖАНАР САБЕТХАНҚЫЗЫ

        Жоғары санатты  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог». Педагогика ғылымдарының магистрі.

Польша Республикасы  Познань қаласы Адам Мицкеевич университетінде 2015 жылы педагогикалық тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтаған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің “Үздік  педагог – 2019” конкурсының жеңімпазы.

Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ  тілі» бағдарламасының авторы Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиада, ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

ОРЫНБАЕВА ДИНАРА ҒАБИТҚЫЗЫ

        Жоғары  санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог». Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Қазақстан Республикасы      Білім және ғылым министрінің “Үздік педагог – 2019” конкурсының  жеңімпазы.

Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ әдебиеті» бағдарламасының авторы.

Оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша   республикалық олимпиада,  ғылыми жобалардың, сондай-ақ республикалық оқулардың жүлдегерлері.

 ЕРКИНБЕКОВА АҒЫМЖАН ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ

        Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың қыркүйегі аралығында «Қазақ тілі білімінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға лаборанты қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың маусым айы аралығында «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға лаборанты, 2019 жылдың маусым айы мен қыркүйек айының аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары қызметінде, 2019 жылдың қыркүйек айынан аталған университет жанына ашылған колледжде «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі және 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап,  мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі болып қызмет атқарады.

 

 

Меню