Жаңалықтар

«Ауылым – алтын бесігім» тақырыбындағы желілік «Абай мектептерінің» 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық сурет байқауы

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында Тәуелсіздікке 30 жыл толуына байланысты, ұлтжандылық пен азаматтыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, сонымен қатар балалар көркем сурет шығармашылығын көпшілікке тарату және дамытуға қолдау көрсету мақсатында  Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2021 жылдың 21 ақпан – 21 наурыз аралығында желілік «Абай мектептерінде» 8-11 сынып оқушылары  арасында  «Ауылым – алтын бесігім» атты республикалық сурет байқауын қашықтық форматта  өткізген болатын. Байқау қорытындысы төмендегідей:

БАС  ЖҮЛДЕ

Ким Камила (Көкшетау қаласы)

I орын

Амангелді Жанар (Шымкент қаласы)

II орын

Жолымберген Арайлым РММИ

Ахметова Адель (Павлодар қаласы)

Қажымұқан Айғаным (Жамбыл облысы)

III орын

Болат Аяулым (Шымкент қаласы)

Нұрымбетова Айзере (Қызылорда облысв)

Сламбек Сұлушаш (Қарағанды облысы)

 

Меню