Жаңалықтар

«Атамұра» корпорациясының президентімен кездесу

Мектеп-интернатта ерекше кездесу «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, корпорацияның вице-президенті Рахима Құл-Мұхаммед және игі шаралардың басында жүретін «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» атқарушы директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Қалиевпен өтті. Мектеп ұжымы және оқушылар қатысқан жиынды ашқан мектеп-интернат директоры Сексенова Роза Ербозымқызы мектептің кітапхана қорына аса бағалы, құнды кітаптарды табыстаған «Атамұра» корпорациясының басшылығына алғысын білдіре келіп, болашақта да әріптестікті нығайту мәселесіне тоқталды. Қазақ өнері, әдебиеті мен мәдениеті, айтыс өнері, спорттың дамуына демеушілік көрсетіп жүрген «Атамұра» корпорациясы Абай атындағы мектеп-интернаттың оқушыларына да әртүрлі мазмұндағы 100 кітапты сыйға тартты. Кешті ұйымдастырған 10″Г” сынып оқушылары “Атамұра” корпорациясы туралы толық ақпарат беріп, ән-күймен шашу шашты. “Дүниенің ең үлкен қазынасы…” атты көрініс қойып, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Корпорация президентіне оқушылар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын да қойды. Кеш соңында директор Р.Е. Сексенова «Атамұра» корпорациясының игі істеріне алғысын айтып, қолдау білдірді. Сый-сыяпат көрсетіп, қазақтың дәстүрімен шапан жапты.

Меню