Жаңалықтар

Қашықтан оқу кезінде уақытты басқару бойынша білім алушыларға арналған нұсқаулық

1.Kundelik.kz  электрондық күнделігінде берілген сабақ кестесіне сәйкес сіз әр пән бойынша бағдарлама материалын өзіңізге ыңғайлы уақытта оқисыз.

2. Артық жүктеменің алдын алу үшін баланың ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге құрастырылған жеке күн тәртібін қолдана отырып, күнделікті бір уақытта сабақ оқуға тырысыңыз.

3. Сізге сабағыңызға ешкім және ештеңе кедергі келтірмейтін уақытты белгілеу керек. 9.00-ден 13.00-ге дейін сабақ оқу ұсынылады, себебі бұл уақытта жұмысқа қабілеттілігіңіз жоғары болады.

4. Сіз оқу орнына отыруға тиіссіз. Сіздің жұмыс орныңыз интернет немесе ұялы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

5. Мұғалім берген ұсынымдарға қарамастан сабағыңызды ТД сабақты, интернет ресурстарды қараудан немесе оқулықтағы тақырыппен танысудан бастайсыз.

6. ТД сабақты, интернет ресурстарды қарау немесе оқулықтағы тақырыппен танысу кезінде конспект түрінде қысқаша жазба жасап, өзіңізге түсініксіз материалды белгілеп алу ұсынылады.

7. Мұғалім берген тапсырма үлгілерін мұқият талдаңыз, қиналған жағдайда материалдың түсініксіз жерлерін белгілеп алыңыз.

8. Сабақтың іс-тәжірибелік бөлімімен жұмыс істеген кезде қиындық тудырмайтын тапсырмаларды орындап алып, содан кейін қиын тапсырмаларға өту керек.

9. Қиындық туындаған кезде сіз әрқашан мұғалімнің көмегіне жүгіне алатыныңызды естен шығармаңыз.

10. Оқу мақсаттарын сапалы орындау бойынша нұсқаулық алу үшін орындалған іс-тәжірибелік тапсырмаларды пән мұғаліміне жібересіз.

11. Әр сабақтан кейін міндетті түрде кем дегенде 5 минут үзіліс жасаңыз.

Дереккөз: Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының ресми сайты

Меню