Жаңалықтар

“Абай жаққан бір сәуле” республикалық ақындар мүшәйрасы

“Мәңгілік Ел жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “Абай жаққан бір сәуле” атты Абай афоризмдерін талдау олимпиадасы және жас ақындар мүшәйрасында ұстазымыз Жанар Абитова ел азаматтары, ұлт мақтаныштары – Саят Қамшыгер, Бақыт Беделхан, Дулыға Ақмолда, Омар Жәлел және Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы Тоқшылықова Гүлназ ханымдармен бірге қазылар құрамында қызмет атқарып, жасөрендердің бабын байқап қайтты.

“Абай жаққан бір сәуле” республикалық ақындар мүшәйрасында 8-сынып оқушылары Бейсенбек Заңғар, Қиясбек Ерзат жүлделі ІІ орын иеленіп, “Абай” төсбелгісімен марапатталды. Жарайсыздар!Жетекшісі Ұлжалғас Бұрханқызын құттықтаймыз!

Меню