Жаңалықтар

“Абай тағылымы, тіл тазалығы және шешендік өнер” тақырыбындағы онлайн сыр-сұқбат

Тіл айлығының аясында тағы бір маңызы жоғары, пайдасы зор іс-шара жоғары деңгейде өтті. Тікелей эфирде шешендік сөз үлгілері бейіндік пәнінің мұғалімі Жарқын Сәленұлы болды. Сыр-сұқбат туралы оқушылардың пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз:

Өз ойымды, пікірімді қаллдыра кетейін…
Жалпылама айтқанда, сұқбат ойдағыдай жүзеге асты, көңілімнен шықты.
Біздің Абай әлемін тереңірек “қазған” үйірме қатысушылары жинаған ой түйіндерін көрерменге қанағаттанарлық, жоғары деңгейде жеткізді. Яғни, айтылған нәрселердің ішінде керек болған ақпарат өзіме тастай батып, судай сынды.
Қатысушылардың бөліскен тәжірибелері, пікірлері мен кеңестері біз үшін алтын іспетті қымбат. Себебі, осы мектептегі көп оқушы үшін Абайды толық тануға һәр “түйіршік” маңызды. Ал бүгін біз “түйіршік” қана емес, бір “үйінді” алдық.
Меніңше, уақытты біраз ұзартса болар еді…
Себебі, сұқбат өте қызық еді және көпшілік көрермен оның созылуына үміттенген.
Әрине, бірілерінің уақыты таяз. Бұған да түсіністікпен қарау жөн.
Айтарымды түсіндіңіз…

Бүгінгі “Абай тағлымы,тіл тазалығы және шешендік өнер” атты тақырыпта өткен сыр-сұхбат мені өте қатты қызықтырды ,әрі оқуға деген құлшынысымды арттырды . Жоғарғы сынып оқушылары мені өте қатты тамсандырды ,білімі ,алғырлығы мен тақырлығы . Болашақта менде осылай көптеген шығармаларды жаттап ,оқып біліп ,биік- биік белестерден көрінетініме сенемін . Көтеген мағыналы ақпарат жинадым . Бүгінгі сыр-сұқбат керекмет өтті ,мағыналы және әсерлі !    Аяжан Төлегенқызы

Жарқын ағай сізге көп рахмет! Өте пайдалы әрі қызықты сұхбат болды әрі көптеген өзіме керекті ақпараттар білдім және болашақта міндетті түрде керек болары сенімдімін…

Маған бір ұнағаны: балалардың ойын еркін жеткізе білуі. Неге? Себебі, олар ойларын ашық, нақты әрі көркем тілде керемет жеткізе білді. Маған ұнағаны осы болды. Және мен бүгін үлкен сыныптың балаларын тани отыра, олар секілді түрлі сайыстарда бақ сынап, жүлделі болғым келеді. Мен бүгін өте көп мәлімет білдім. Осы конференцияға рахмет айтамын! ????

Иә, рахмет конференция керемет өтті! Абайға деген сәл болсын қызығушылығым оянды. Оның шығармашылығымен толық танысуға талпына бастадым.

Жарқын ағай, рақмет, жоғары деңгейде өтті, немереммен тыңдап отырдым. Тайғарина Г.

Жарқын ағай, тамаша сұхбат өтті, соңына дейін көрдім, сол кезде балаларға да өз ризашылығымды білдіріп отырдым. Рақмет! Ағыбаева Ұ.

Бүгінгі “Абай тағылымы,тіл тазалығы және шешендік өнер” тақырыбында өткен сыр-сұқбат маған үлкен пайдасын тигізді десем қате айтпаймын. Қатысушылардың пікірін тыңдап, Абай шығармашылығына деген қызығушылығым арта түсті. Көтерілген өзекті тіл мәселесі де мені бір жақты қалдырмады. Тіліміздің болашағы туралы ойлай бастадым. Осындай танымдық кездесулер көп болсын! Бүгінгі конференцияны ұйымдастырушыларға үлкен рақмет! Жапас Аяулым

Бүгінгі “Абай тағылымы, тіл тазалығы және шешендік өнер” тақырыбындағы өткен сыр-сұхбат маған өте қатты ұнады.Менің Абай атамыздың өлеңдеріне, қара сөздеріне, әңгімелеріне, нақыл сөздеріне қызығушылығым арта түсті. Жоғары сынып оқушыларының тапқырлығымен, сұраққа жүйелі, нақты түрде жауап бергені мені тамсандырды. Маған әсіресе ұнағаны осы болды. Барлығы өте тамаша болды. Тілімізге деген құрметім арта түсті. Жарқын ағай сізге және оқушыларға деген алғысым шексіз!Осындай кереметтей сұхбаттар алдағы уақытта да болады деген ойдамын. Барлығыңызға үлкен рақметімді айтамын????  8А сынып оқушылары

Сәлеметсіз бе! Құбайдулла Ғайни

Маған бүгінгі сыр-сұхбатымыз қатты ұнады, керемет әсердемін. Мен әсіресе жоғары сынып оқушыларына тәнтімін! Өте керемет, ойын ашық, жүйелі түрде жеткызген оқушыларға алғыс айтамын. Сізге де! Қазақ тіліне деген қызығушылығым, құрметім арта түсті. Соңғы кезде тілімізді одан әрі көркейткім келеді. Жоғарғы сынып оқушылары маған мотиватор болды десем де артық кетпес. Мен елімізде осындай тамаша ұстаздардың болғанына қуанамын.
Алдағы уақытта осындай сұхбаттардың жиі болғанын қалаймын.

Ағай сіз мақтауға да, мақтануға да тұрарлық жансыз! Шойбекова Ғазиза

 

Меню