Жаңалықтар

“Абай мектептері желісінде бейіндік пәндерді оқыту ерекшеліктері” тақырыбындағы онлайн курс

Наурыз айының 25 – 30 аралығында “Абай мектептері желісінде бейіндік пәндерді оқыту ерекшеліктері” тақырыбында онлайн курс өткізілді. Курс барысында ЖОО ғалымдары бейіндік пәндердің мақсат-міндеттері мен методологиясын түсіндірсе, мектеп-интернат ұстаздары практик мұғалім ретінде шеберлік сағаттарын көрсетті. Қатысушылар онлайн курс жоғары деңгейде өтті деп есептеп, алғыстарын білдіріп жатты.

Алдағы уақытта да желілік «Абай мектептерінің» орталық базасы ретінде жұмыстар қарқынды түрде жалғасын табады. Биылғы оқу жылында «Абай мектептері» үшін жасалған жоспарға сәйкес сәуір айында Республика көлемінде ІІІ «Ділмар» шешендік сайысын, мамыр айында «Жаңартылған білім беру: жаңа көзқарас, нақты қадамдар» тақырыбында педагогикалық идеялар фестивалін өткізу жоспарлануда.

Бізге қойылатын талап – ұлттық сипатымызды жоғалтпай, алға сенімді адымдар жасайтын буын тәрбиелеуге тамшыдай болсын үлес қосу. «Болашақ жастардың қолында». Сапалы да саналы ұрпақ – еліміздің алға басудағы еліміздің үміті, дүбірлі додада озып шығатын дүлдүлі.

Меню