Әр жаңа оқу жылына Республикамыздың барлық облыстарынан 8-сыныпқа үздік оқитын, өнерлі, дарынды, қабілетті, гуманитарлық пәндерге бейімі бар оқушыларға сынақпен қабылдау жүргізеді. “3” бағасы бар оқушылардың құжаттары қабылданбайды.
Қабылдау емтиханы әр жылдың сәуір айының 1-30 аралығында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтеді.
Емтихан негіздері:
- қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма;
- шығармашылық жұмыс;
- қазақ тілі мен әдебиетінен тест тапсырмалары.
Облыстардан қабылданған оқушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқу ақысыз негізде. Балалардың ай сайынғы тамағына мемлекет тарапынан (бюджетінен) бөлінетін қаржының 20%-ы ата-аналар тарапынан төленеді.
Мекен жайы: Алматы қаласы, Митин көшесі №6
(Достық пен Митин көшелерінің қиылысы)
Телефон нөмері: 8 (727) 387-08-46