Жаңалықтар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Бүгін, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Мереке ретінде Президент Жарлығына сәйкес 2013 жылы белгіленді.

Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев біздің мектеп-интернаттың алғашқы түлегі болған. Ағаларының ізін жалғап халыққа танымал бірнеше мектеп-интернат түлектері қазіргі таңда өнер мен мәдениет саласында қызмет етіп жүр.Атап айтар болсақ: Тамар Асар, Тоқтар Серіков, Қарақат Әбілдина, Ақбота Керімбекова, Бейбіт Қорған, Мұрат Есжан, Мақсат Рахмет, Асхат Мұсабай т.б.

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда сіздердің еңбектеріңіз ерекше,
мәдениетіміздің қазынасына қосылған шығармашылықтарыңызға шабыт, таусылмас қуат пен
мол қуаныш тілейміз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табандылық пен толағай табыс тілейміз!

Меню