Жаңалықтар

2021 жылдың наурыз айының 25-30 күндері аралығында «Желілік «Абай мектептеріндегі» бейіндік пәндердің оқытылу ерекшеліктері тақырыбындағы» ғылыми-тәжірибелік 72 сағаттан тұратын онлайн курс өткізіледі

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ  тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2021 жылдың наурыз айының 25-30 күндері аралығында «Желілік «Абай мектептеріндегі» бейіндік пәндердің оқытылу ерекшеліктері тақырыбындағы» ғылыми-тәжірибелік 72 сағаттан тұратын онлайн курс өткізеді.

Онлайн курста ЖОО-ның әдіскер ғалымдары, үлгілік оқу бағдарламаларының авторлары дәріс оқып, Абай атындағы РММИ мұғалімдері шеберлік сағаттарын өткізіп, оқытылу ерекшеліктері тәжірибе жүзінде көрсетіледі.

Оқушылардың гуманитарлық, лингвистикалық білімдерін толықтырып, тереңдете түсу мақсатында танымдық-теориялық бағыттағы («Сөз мәдениеті», «Мәтін талдау», «Медиасауаттылық», «Журналистика негіздері», «Әдебиеттануға кіріспе», «Ұлы дала даналығы», «Халық ауыз әдебиеті», «Когнитивті лингвистика», «Академиялық жазылым», «Әлем әдебиеті») тарих және дипломатия бағытындағы («Әлемдік мәдениет», «Дипломатия негіздері»), шығармашылық бағыттағы («Шешендік сөз өнері», «Айтыс өнері», «Поэзия әлемі», «Домбыра», «Дебат», «Вокал», «Сәндік қолданбалы өнер») бейіндік пәндерді оқытатын мұғалімдердің, домбыра, музыка жетекшілерінің онлайн курсқа қатысуы сұралады.

Меню