Жаңалықтар

2020-2021 оқу жылына жоспарланған дәстүрлі танымдық дәрістер басталды.

Баршаңызды 18 қыркүйек күні сағат 15.00-де болатын тағылымды сұхбаттың куәсі болуға шақырамыз.
Ұйымдастырушы: “Академиялық жазылым” пәнінің мұғалімі

Газиза Шойбекова.

Профессор, филология ғылымдарының докторы Ермекова Тыныштық Нұрдаулетқызы жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын  даярлауға елеулі  еңбек сіңіріп, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген тілші-ғалым.

Ғалымның қаламынан  жаңа буын оқулықтары мен 12 жылдық  білім беруге арналған 30-ға жуық оқулық (кешен): 1-4 және 7, 8, 9, 10, 11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығы, әдістемелік нұсқаулар мен ЖОО-на арналған   7 монография, 4 электронды оқулық, 40-қа тарта оқу құралы сұранысқа ие. Атап айтқанда«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Қазіргі қазақ тілі (синтаксис) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны», «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Түркі тілдерін дәуірлеудің теориялық негіздері», «Салғастырмалы лексикология» атты еңбектері сұранысқа ие.

Меню