Жаңалықтар

«Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы республикалық вебинар

Желілік Абай Мектептерінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 26 ақпанында «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы республикалық вебинарды қара шаңырақ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология Институты, Филология және көптілді білім беру институтымен бірлесе ұйымдастырып, өткіздік. Вебинар барысында Абай университетінің ғалым-ұстаздары оқу сауаттылығын оқытудың ғылыми-теориялық жағын талдаса, біздің мектеп-интернат ұстаздары практикалық сабақтарды көрсетті.

      Оқу сауаттылығына ерекше назар аударып отырғанымыз тегін емес. Бүгінгі білім беру жүйесінде оқушының пәндік білімді игеріп қоюы өте аздық етеді. Бүгінде оқушының функционалды сауатты болуы, пәндік білімін өмірмен ұштастырып, оны тұрмыста қажетіне жарата алуы маңызды. Сондықтан да оқу сауаттылығына бей-жай қарауға болмайды.
     Республикалық вебинар желілік «Абай мектептері» ұстаздары үшін ұйымдастырылғанымен, әлеуметтік желілерден хабарландыруды көрген педагогикалық бағытта білім алып жатқан студенттер, елдің әр түкпіріндегі мектеп мұғалімдері де қатысып, нағыз тәжірибе алаңына айналды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізіп, жалғасы болуына ұсыныстарын білдірді.
       Вебинарға желілік «Абай мектептерінің» директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарының да мұғалімдері қатысты.
Меню