Жаңалықтар

10 тамыз – АБАЙ КҮНІ

Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
Ашылса жақсылықтың ақ парағы,
Басына ұлтымыздың бақ қонады.
Оныншы тамыз күні Абай күні
Болғанына бар қазақ шаттанады.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз ” Абай күні” болып белгіленді. Ұлы ақын, ғұлама, қазақ халқының мақтанышына айналған Абай атамыздың бұл мерекесі әр қазақстандық азамат үшін айтулы мереке. Сіздерді Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мерекеге орай мектеп-интернатымыздың оқушысы, қаракөз ақын қыздарымыздың бірі де, бірегейі Дана Ерланқызының оныншы тамыз – “Абай күніне” арналған, сиясы кеппеген жүрек жарды туындысын ұсынамыз.

Меню